Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Суды құдықтан алып отырған ауылға ауыз су құбыры тартылды

19 Мамыр, 2026
В Жетісу решена многолетняя проблема: в село, где пользовались водой из колонок, провели водопровод
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ескелді ауданында жүзден астам тұрғыны бар Ақтұма ауылына заманауи ауыз су құбыры жүргізілді. Осы уақытқа дейін ескірген ұңғыма ауыз судың негізгі көзі болып, одан су тек көшедегі құдықтар арқылы беріліп келген. Оның үстіне судың сапасы мен қысымы да көңіл көншітпейтін, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ескі құбырларды жай ғана жөндеу мәселені толық шешпейтін болғандықтан, көше бойымен сервистік желілер тарту арқылы жаңа су құбырын салу туралы шешім қабылданды. 2021 жылы басталған жұмыстар мердігердің жауапсыздығының кесірінен ұзаққа созылған еді. Дегенмен облыс басшылығының араласуынан кейін жоба өткен жылы толық аяқталды. Қазіргі таңда ауылдағы 37 үйдің 35-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып үлгерді.

Солардың қатарында жергілікті тұрғын Ақмарал Немелбаева да бар:

– Мен жаңа желіге алғашқылардың бірі болып қосылдым. Енді үйімізге су кран арқылы келіп тұр. Ауылдағы әйелдердің қай-қайсысы да тұрмыстың түбегейлі өзгергенін растайды деп ойлаймын. Енді кір жуу, үй тазалау, ыдыс жуу секілді күнделікті жұмыстар енді бұрынғыдай көп күш жұмсауды қажет етпейді, өйткені қазір заманауи тұрмыстық техникалар әрбір үйде бар десек артық айтпаймын, әрі су үйге кіріп тұр. Судың сапасы жақсы, – дейді ол.

Дәл осындай құрылыс жұмыстары ауданның тағы бір елді мекені – халқы 1,8 мыңнан асатын Сырымбет ауылында да аяқталды. Жалпы Ескелді ауданындағы 33 елді мекеннің 32-сі немесе 99,9%-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Ал шамамен 30 адам тұратын 1 ауылда орталықтандырылмаған су жүйесі пайдаланылады.

Атап өтсек, қазіргі таңда Жетісу облысында 329 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Халық саны бойынша таза ауыз сумен қамту деңгейі 99,9%-ды құрайды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Жұмабай Мұсабеков

Алдыңғы мақала

В Жетісу решена многолетняя проблема: в село, где пользовались водой из колонок, провели водопровод

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В Жетісу чествовали работников жилищно-коммунального хозяйства и дорожной отрасли

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.