Сенбі, 29 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда көрнекті ғалым Мұхтар Арынның 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті

20 Мамыр, 2026
Жетісуда көрнекті ғалым Мұхтар Арынның 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті
2
БӨЛІСУ
27
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін Жетісу облысында көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Мұхтар Арынның 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты кешке облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ғалымның ұрпақтары, М. Арын атындағы № 24 мамандандырылған мектеп-лицейінің ұжымы, жалпы еліміздің әр аймағынан зиялы қауым өкілдері қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы күні І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының фойесінде республикалық ғылыми жоба байқауларының жеңімпазы болған Талдықорғандағы № 24 лицей оқушылары жетістіктерінің көрмесі қойылды. Сондай-ақ сахнадан ғалымның өмірі мен еңбек жолы туралы баяндайтын «Нар қазақ» атты деректі фильм көрсетілді.

 Жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу жерінен шыққан танымал тұлғалардың ішінде биыл туғанына 90 жыл толып отырған Мұхтар Ғалиұлы Арынның орны бөлек екенін атап өтті.

— Мұхтар Арын тек қана ардақты ғалым, ұлағатты ұстаз ғана емес, қазақ руханиятының жанашыры, іздеушісі болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің рухын бекемдеп, еңсесін тіктеуге, мұрасын түгендеп, мәдени-рухани жолын қалыптастыруға елеулі еңбек сіңірді. Қай істе де елдік мүдде тұрғысынан еңбек етті. Бүгінде қаншама буын жас ұрпақ Мұхтар Арынның артына қалдырған шығармашылық еңбектерін өзіне өмірлік бағдар етуде. Ардақты ғалымның кең арналы зерттеулері, тындырған тағылымды істері, өнегелі өмірі әрдайым кейінгілерге үлгі болып қалады, — деді Б. Исабаев.

Мұнан соң Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтан, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан және бірқатар облыс әкімдерінен келіп түскен жеделхаттар лицейдің музейіне тапсырылды.

Өз кезегінде ғалымның ұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор ҚР Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі Ерлан Арын сөз сөйлеп, ұрпақтарының атынан ризашылығын жеткізді:

— Біз үшін, біздің отбасымыз үшін бүгін ерекше қуанышты күн. Әкеміз ғұмыры қысқа болса да, өте маңызды рухани істер, еске алып отырған игі шаралар атқарып кетті. Тұлғаны қалыптастыратын, тұлғалық қасиетін ашатын туған жерінің табиғаты, тауы-суы ғана емес, өскен елі, жүрген ортасы. Сондықтан біз үшін Жетісудың орны бөлек. Әкеміздің барша жерлестеріне, атын иеленген мектеп ұжымына, ұстаздарына ерекше алғысымызды білдіреміз, — деген Е. Арын мектеп-лицейдің түрлі байқауларда жеңімпаз болған оқушылары мен үздік ұстаздарына ғалымның әулеті атынан ақшалай сыйлық сертификаттарын табыстады.

Бұдан әрі лицей оқушылары ғалым өмірінің бір үзігін көрсететін қойылым қойып, әдеби монтаж ұсынды.

Еске салсақ, 1936 жылы Мұхтар Арын бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу ауданында туған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының проректоры, Қазақ КСР Білім министрлігінің бөлім меңгерушісі,Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры болды. Қазақ ітілінде оқытатын мектептер құруға үлес қосты. Неміс тілін үйретуге арналған оқулықтардың авторы. Оның еңбектерінің ішінде ұлттық философия, дидактикалық, этнографиялық және этнолингвистикалық құжаттар негізінде жазған «Бес анық» кітабының орны ерекше.

Алдыңғы мақала

Әлемнің 300-ден астам ғалымы Астанада Қарар қабылдады: Алтын Ордаға арналған симпозиумның қорытынды құжатында не қамтылды?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Вице-министр сельского хозяйства ознакомился с агропроектами в Жетісу

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
565

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.