Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бейбіт Исабаев «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өңір жастарымен еркін форматта мотивациялық кездесу өткізді

29 Мамыр, 2026
Бейбіт Исабаев «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өңір жастарымен еркін форматта мотивациялық кездесу өткізді
3
БӨЛІСУ
41
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғимаратында өңір жастарымен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында еркін форматта мотивациялық кездесу өткізді. Кездесуге университет пен колледждер студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, волонтерлар, жалпы облыс жастары қатысты. Өңір басшысы жастармен әңгімесінде өз ойын әл-Фарабидің «Қайырымды қала» идеясы, Абайдың «Толық адам» ұғымы, Ахмет Яссауидің рухани ілімі сияқты іргелі постулаттарға сүйене отырып жеткізді. Сол сияқты Мемлекет басшысының дала өркениетінің үлгісі ретіндегі Алтын орда туралы халықаралық симпозиумындағы сөзінің мән-мазмұны мен жастардың ақпараттық-құқықтық сауаттылығының рөлі мәселесіне де егжей-тегжейлі тоқталды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдымен Мемлекет басшысының Алтын орда тарихын зерделеуге қатысты сөйлеген сөзіне тоқталып, өз мемлекетінің тарихын тану әрбір азаматқа, әсіресе жастар үшін аса қажет екенін айтты. «Далалық өркениетте заң мен тәртіп, өз заманындағы жаңашылдық пен озық идеялар, көшпелілерге тән экологиялық жауапкершілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті – бәрінің де қалыптасқан берік негізі болды. Біз өткенімізді тану арқылы Ұлы Даланың барлық интеллектуалды, рухани мұраларын бүгінмен сабақтастыра аламыз.  Сондықтан төл тарихымызды білу — әрбір жастың қастерлі парызы», — деді Б. Исабаев.

Екінші тұжырым ретінде айтылғаны, әл-Фараби қайырымды қаланы тек экономикасы дамыған орта ретінде ғана емес, ең бастысы рухани мәдениеті жоғары, адамдары бір-бірін сыйлайтын, ізгілікке ұмтылатын қоғам ретінде сипаттаған. Сондықтан мұндай идеалды қоғамға әр адам жеке емес, бірлесіп әрекет ету арқылы жететініне тоқталды.

Үшінші, Абайдың толық адам болу үшін ақыл, қайрат және жүрек үшеуінің үйлесімі керектігі жайлы ойы кеңінен талданды.

Төртінші, адамды қарапайымдылыққа, сабырлылыққа, қанағатқа және ішкі мәдениетке тәрбиелейтін Ясауи ілімі жайлы сөз болды.

Бесіншіден, көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан кезеңде ақпаратты қабылдау, жақсы-жаман, шын және жалған мәліметті айыра білу, сүзгіден өткізу мәселесі жан-жақты ашылды.

Сол сияқты бүгінгі жаңа заманда жастардың үздіксіз білім алуы, цифрландыру мен ІТ технологияны меңгеруі, азаматтық сана және құқықтық мәдениетті жетілдіруі туралы кеңінен айтылды. Өңірде жастар тәрбиесіне қатысты қолға алынған менторлық жоба, волонтерлік бастамаларды қолдау шаралары жайлы сөз болды.

— Әл-Фараби қайырымды қоғам туралы, Абай толық адам жайлы, Яссауи рухани тазалық туралы айтты. Ал бүгінгі Қазақстанға осы үшеуін біріктіретін ұрпақ керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат», «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан» идеологемалары осы құндылықтармен үндесіп отыр. Сіздер – Қазақстанның жаңа буынысыздар және жаңа қоғамның авторысыздар. Жастар білімді, құқықтық мәдениеті қалыптасқан саналы болса, еліміздің болашағы мықты болады, — деді Б. Исабаев.

Мұнан соң жастар облыс басшысына өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтар жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту, мемлекеттік қызметке келуі, жаңа медианың дәстүрлі журналистикадан айырмашылығы, облыстың құрылғаннан бергі жетістіктері сияқты тақырыпта болды.

Кездесуге қатысты жетісулық жастар да өз пікірлерін білдірді.

— Өткен сенбіліктердің бірінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев біздің ұсынысымызбен университетке келемін деп уәде берген еді. Бүгін сол уәдеге сай расында өте қызық кездесу болды. Мен өңір басшысына «Мықты лидер болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?» деген сауал қойдым. Бұл кездесуден жастар үлкен мотивация алды деп ойлаймын, — деді Жетісу облысының студенттік омбудсмені Ақерке Қызайбай.

Кездесуге келген жастардың бірі ЖУ-дың 1-курс студенті Меруерт Жолдасбаева да ой қосты.

— Бейбіт Өксікбайұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті, жаңа заманға сай білімді, парасатты азамат болып қалыптасуға қатысты ақыл-кеңестерін айтты. Маған әсіресе, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, уақытты бағалау, күнделікті тәртіпке төселу жөнінде айтқан кеңестері өте ұнады. Мұның бәрі де менің алдағы өмірімде кәдеме жарайтын пайдалы мәліметтер болғанынан қуандым, — деді ол.

Осы күні облыс әкімі университет ғимаратында студенттердің ғылымдағы, спорттағы жетістіктері паш етілген көрмемен танысты.

Атап өтсек, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 117 білім беру бағдарламасы бойынша 6 мыңнан астам студент білім алуда. ЖУ – өңірдегі жалғыз жоғарғы оқу орны. Өткен жылдың шілде айында университет базасында Италияның Марке политехникалық университетінің (Marche Polytechnic University) филиалы ашылған болатын. Бұл маңызды бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Жалпы, облыста 14 пен 35 жас аралығындағы 186 132 жас тұрады, яғни халық санының 27% құрап отыр, ал оның 83 035-і қалалық жерде, 103 097-і ауылда тұрады. Өңірде 11 жастар ресурстық орталығы бар. Сол сияқты 18 жастар ұйымы жұмыс істейді, олардың 8-і республикалық мәртебеге ие. Оған қоса қазіргі таңда облыс бойынша 1 100 волонтер тіркелген.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөз сөйледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бейбит Исабаев провел мотивационную встречу с молодежью Жетісу в рамках концепции «Адал азамат»

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.