Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысына – 4 жыл: 1,4 млн. ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді

2 Маусым, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: 1,4 млн. ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы  құрылғаннан бері өңірде 1,4 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы уақыт ішінде 10833 отбасына баспаналы болса, соның ішінде өткен жылы «Жетісу жастары», «Маман» бағдарламаларымен және жалгерлік, несиелік тұрғын үйлер берілді, сол сияқты әлеуметтік осал топтарға баспана сатып алынды, тұрғындар апатты үйлерден көшірілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл өңірде тұрғын үймен 3 мыңнан астам отбасын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мәселен, бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында 57 отбасы жаңа пәтерлер мен жеке тұрғын үйлердің кілттерін қолына алып, баспаналы болу қуанышына кенелді.

Қоныстанушылардың қатарында көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және басқа да санаттағы тұрғындар бар.

Жаңа қоныс иелерінің Жансүгіров ауылының тұрғыны Гүлмира Оспанова:

– Тұрғын үй кезегінде 2017 жылдан бері тұрдым, І топ мүгедегімін. Бүгін көптен күткен екі бөлмелі пәтерімнің кілтін алдым. Тұрғын үй мәселесін шешуде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға жаңа шаңырақта бақ-береке мен амандық тілеймін, – деді.

Тағы бір жергілікті тұрғын Диана Сұлтанғазина да тілегін білдірді:

– «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде 6 жыл тұрдым. Ата-анамнан ерте айырылдым, бүгінде өзім де ана атанып отырмын. Осындай мерекелі күні өз пәтерімнің кілтін алғаныма өте қуаныштымын. Баршаңызды мерекемен және қоныс тойымен құттықтаймын, – деді ол.

Айта кетейік, Жетісу облысы құрылғаннан бері Ақсу ауданында тұрғын үймен 200-ге жуық тұрғын қамтамасыз етілді.

Алдыңғы мақала

Области Жетісу – 4 года: введено свыше 1,4 млн. кв. метров жилья

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Таза табиғат – ортақ жауапкершілік

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.