Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Таза табиғат – ортақ жауапкершілік

2 Маусым, 2026
Таза табиғат – ортақ жауапкершілік
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жаз мезгілі келісімен халықтың табиғат аясына шығып, демалуға деген қызығушылығы артады. Әсіресе таулы аймақтарға саяхат жасап, көл жағасында тынығып, табиғаттың көркем көріністерін тамашалаушылардың қатары көбейеді. Алайда демалыс мәдениеті табиғатты қорғаумен қатар жүруі тиіс.

Өкінішке қарай, кейбір демалушылар барған орындарында қоқыс қалдырып, қоршаған ортаға зиян келтіріп жатады. Табиғат – баршаға ортақ байлық. Сондықтан әрбір азамат туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоқысты арнайы орындарға тастап, айналаны таза ұстауға атсалысуы қажет.

Панфилов ауданы табиғатының әсемдігімен ерекшеленетін өңірлердің бірі. Мұнда асқар таулар, мөлдір көлдер мен ерекше табиғи ландшафттар бар. Бұл көрікті жерлер аудан тұрғындары үшін ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар үшін де тартымды демалыс орындары саналады. Осындай табиғи байлығымызды сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр. Аталған акцияға белсенді қатысып, табиғатты таза ұстауға әркім өз үлесін қоса алады. Бұл үшін үлкен іс атқарудың қажеті жоқ – қоқыс тастамау, айналаны таза ұстау және өзгелерге үлгі көрсету жеткілікті.

Еліміздің де, жеріміздің де тазалығы – өз қолымызда. Табиғатты аялау арқылы біз келер ұрпаққа таза әрі көркем Қазақстанды аманаттаймыз. Сондықтан аудан тұрғындары мен қонақтарын «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, көрікті жерлеріміздің тазалығын сақтауға шақырамыз.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ

Алдыңғы мақала

Жетісу облысына – 4 жыл: 1,4 млн. ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ауыл шаруашылығын дамыту – экономикалық өсімінің негізі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.