Сейсенбі, 9 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында Сәкен Сейфуллинге арналған жылжымалы көрме өтуде

6 Маусым, 2026
Жетісу облысында Сәкен Сейфуллинге арналған жылжымалы көрме өтуде
2
БӨЛІСУ
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісуда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған «Сәкен Сейфуллин: тағдыры мен мұрасы» атты көшпелі көрме өтуде. Көрме аясында ақын, жазушы, ағартушы әрі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары, сирек фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары Талдықорған қаласында алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияда Астанадағы С.Сейфуллин музейі қорынан әкелінген 100-ден астам жәдігер қойылған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімдігінің «Біріккен музейлер дирекциясы» МКҚК директорының орынбасары Нұрсерік Жолбарысұлының айтуынша, көрме көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін қамтиды.

Көрменің алғашқы бөлімі Сәкен Сейфуллиннің балалық және жастық шағына, оның отбасысына, туған өлкесіне, білім жолына және ағартушылық қызметіне арналған.

Сондай-ақ оның ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылған.

Көрменің басты ерекшеліктерінің бірі – Сейфуллиндер әулетіне тиесілі түпнұсқа жәдігерлері қойылды. Олардың қатарында ақынның анасы Жамалдың ұршығы мен самаурыны, Сәкеннің күміс қасығы, жұбайы Гүлбаһрам көзінің қарашығындай сақтаған ақ дастарқаны, сондай-ақ кофе тартқышы, патефоны, қойын дәптерлері, қолжазбалары, жазу машинкасы, мұрағаттық құжаттары мен сирек фотосуреттері бар.

Көрменің арнайы бөлімі Сәкен Сейфуллиннің ағартушы, мемлекет және қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне арналған. Мұнда оның қазақ әдебиетінде ерекше із қалдырған «Асау тұлпар», «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолында», «Айша», «Тар жол, тайғақ кешу» және басқа да шығармаларының алғашқы басылымдары ұсынылған.

Экспозицияда халықтың тарихи этнонимін қайтаруда маңызды рөл атқарған «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» атты тарихи мақаласына ерекше орын берілген. Сонымен қатар келушілер Сейфуллиннің өмірінің соңғы жылдарына қатысты құжаттармен, отбасылық хаттарымен және басқа да құнды мұрағат материалдарымен таныса алады.

Сонымен қатар көрменің бір бөлігі белгілі әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішевке арналған. Ол ұзақ жылдар бойы Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын зерттеп, оның әдеби мұрасын сақтауға зор үлес қосты.

М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Айнұр Зейнуллаеваның айтуынша, бұл көрменің талдықорғандықтар үшін маңызы үлкен.

— Біздің музейде Сәкен Сейфуллинге арналған жеке экспозиция жоқ. Сондықтан Астанадан келген әріптестеріміз дайындаған көшпелі көрме жетісулықтарға оның өмірі мен шығармашылығын тереңірек танып-білуге жақсы мүмкіндік береді. Көрме келушілер ұлт руханиятында өшпес із қалдырған қайраткердің бай мұрасымен жақынырақ таныса алады. Тұрғындарды 19 маусымға дейін жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз. Кіру тегін, — деп атап өтті ол.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл көрме тарихпен етене танысуға, ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының көрнекті тұлғаларының бірі болған Сәкен Сейфуллиннің жарқын бейнесі мен мол мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Жоба аясында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған экскурсиялар, дәрістер және түрлі ағартушылық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл бастама жас ұрпақтың тарихи санасын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Алдыңғы мақала

Жетісуда 474 шақырым электр желісі жаңартылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В области Жетісу проходит выставка, посвященная Сакену Сейфуллину

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.