Сенбі, 7 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Игілікті істер мол болды

28 Қазан, 2022
Игілікті істер мол болды
4
БӨЛІСУ
56
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

25 қазан – Республика күні мерекесін жазиралы Жаркент өңірінің тұрғындары да үлкен дүрмекпен, риясыз шаттық, қуанышпен атап өтті. Қазақстан халқының тәуелсіз ел атанған қастерлі күніне орай орталық алаңда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, этно-мәдени орталықтардың ас мәзірінен жарыс, «Лағман пати» сынды бәсекелер ұйымдастырылып, Үшарал ауылында аудандық марафон өткізілді.

Ал 25 қазан күні таңертеңгі сағат 9-да Жаркент қаласының орталық Жібек жолы даңғылындағы №34 көп қабатты үйіне жылу беретін блокты модульді қазандығы тұрғындарының қатысуымен салтанатты жағдайда пайдалануға берілді. Бұдан кейін аудандық мәдениет үйінде мерекеге байланысты салтанатты шара ұйымдастырлды. Залға әскери қызметкерлер көтерген ел туы енгізіліп, Қазақстанның ән ұранымен басталған салтанатты шарада аудан әкімі Марат Сағымбек мырза мерекеге байланысты баяндама жасады. Өңір басшысы баяндамасында халыққа қайта оралған Республика күні мерекесінің мәні мен маңызын терең талдап өтіп, өңірде жүзеге асқан бірқатар әлеуметік, экономикалық жетістіктерді саралап, алда атқарылатын қомақты құрылыс жұмыстарына тоқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Жетісу облысына келген сапарында қазақтың Қастееві атанған ұлы суретші өмірге келген өңірде ел берекесіне есе беретін бірқатар халықаралық нысандардың жұмысын бұрынғыдан да жандандыруды атап өткенін тілге тиек етті. Аудан әкімі салтанатты сәтте бірқатар еңбек ардагерлеріне, ұжым озаттарына мемлекеттік және мерекелік наградаларын тапсырды. Жиын соңы аудан өнерпездарының мерекелік концертіне ұласты.

Мерекелік іс-шара аудан әкімдігі үйінің алдындағы кең алаңда жалғасты. Мұнда өңірдегі этно мәдениет орталықтары, аудан мектептері мен мекемелер сурет, қолөнер, ұлттық тағам көрмелерін қойып, мерекеге жиналған қауым өнерлерін тамашалады. Осы алаңның бас жағына Қоңырөлең ауылдық округі қазақтың киіз үйін тігіп, оның ішінде ұлттық тағамдарымыз бен қолөнер бұйымдарының көрмесін орналастырып, ауыл өнерпаздары киіз үй маңында домбырамен ән шырқап, көпшілікті думанға бөледі.

Республика күні мерекесінде Жаркент қаласында тағы бір игілігі мол «Баркөрнеу» саябағының ашылу салтанаты өткізілді. Қаланың шығыс шетіне салынып, бірер жыл бұрын пайдалануға берілген жекеменшік «Көк базар» сауда орталығының алдына орналасқан сейіл-серуен алаңы өңір халқының демалыс уақытын көңілді өткізуіне ыңғайланып жасалған екен. Бұл алаңды «Көк базар» сауда орталығының қожайыны, табысты кәсіпкер Мақсат Сейітбек жасатыпты. Саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Сағымбек қатысып, қалаға көрік беріп тұрған жаңа демалыс орынын салған кәсіпкерге алғыс айтты.

5350 шаршы метр аумақты алып жатқан сауда нысанында қазірдің өзінде ірі электроника дүкені, сауда орталықтары жұмыс істеуде. Жаңадан пайдалануға берілген сыртқы саябақтың аумағы 4000 шаршы метр.  Айналасы толықтай абаттандырылып, тұрғындардың демалуына және балаларды қыдыртуға, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арнайы жасалған. 280 млн теңгеге жасалған орталықтың басшысы Мақсат Көбелеков алдағы уақытта бұл аумақта қосымша 100 адам жұмыспен қамтылады дейді.

«Қазірдің өзінде бұл жерде бірнеше ірі орталықтармен жұмыс істеп жатырмыз. Оларда 100-ге жуық жұмысшылар бар. Біз қосымша сауда нүктелерін ашып, жастардың уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасаймыз. Ол үшін қазіргі екінші қабаттағы бос орындарға үстел теннисі басқа да орындар ашуды жоспарлап отырмыз», – деді орталық басшысы.

Нысанның ашылуында Алматыдан арнайы театр ұжымы келіп тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Жасөспірімдер арасында ұлттық спорттан түрлі жарыстар өткізіліп, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шара барысында ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем  чемпионы Ардақ Назаров жаркентіктерді қуаныштарымен құттықтап сөз сөйлеп, облыстың Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, ақын Әдепхан Төреханұлы ақ батасын берді.

Осындай халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар өңірдің барлық ауылдық округтерінде өткізілді. Көктал ауылдық округінде «Көктал-Агро» ЖШС көп балалы ана Мунира Сламжановаға 4 бөлмелі үйдің кілтін тапсырды.

Аталған серіктестік бұған дейін де көп балалы және аз қамтылған отбасыларға түрлі бағытта қайырымдылық жасап келген. Бұл жолы 6 жарым млн теңгеге үй алып берген ферма басшысы Жәнібек Оханов тағы да қайырымдылық жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.

«Бұйырса алдағы уақытта тағы да көп балалы отбасыларға баспана кілтін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын», – деді ол.

Бұған дейін жеті баласымен пәтер жалдап жүрген Мунира баспана алып берген азаматтарға алғысын білдірді.

«Шынымды айтсам сене алар емеспін. Балаларым әлі кішкентай. Көшуде қиналатынбыз. Енді өз үйіміз бар. Өте қуаныштымын. Жақсы мерекеде қуаныш сыйлаған ағаларға алғысымды айтамын», – деді көп балалы ана.

Бүгінде Панфилов ауданы бойынша 5 мыңға жуық отбасы баспана кезегінде тұр. Қазір өңірде көп пәтерлі 320 үйдің құрылысы қызу жүрілуде.

Осылайша Республика күні мерекесі жазиралы Жаркент өңірінде жалпыхалықтық сипатта тойланды.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ,

Нұрбол ХАНАҒАТ,

Панфилов ауданы.

Алдыңғы мақала

Парасат vs бос эмоция

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Отанды қорғау – қасиетті борыш

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
711
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.