Сенбі, 7 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Отанды қорғау – қасиетті борыш

28 Қазан, 2022
Отанды қорғау – қасиетті борыш
2
БӨЛІСУ
28
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

25 қазан – Республика күніне орай 74261 әскери бөлімі Н.Головацкий атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен «Республикам менің» атты тақырыпта «Ерлік сабағын» өткізді. Бұл сабақтың мақсаты мектеп оқушыларын туған елін, жерін, халқын ардақтай білуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жол туған жерді, елді, Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін ояту.

«Ерлік сабағына» республикалық «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ Панфилов аудандық филиалының төрағасы М.Смағұлов, ұйым мүшелері – С.Ноғаев, Ұ.Болатбеков, Қ.Ибрайымжанов және Тәжік-Ауған қақтығысында бітімгерлік міндетін атқарушылар ұжымының төрағасы Ғ.Айтымбетов пен әскери қызмет ардагерлері Т.Бекжанов, А.Якупов мырзалар қатысты.

Ретімен сөз алған ардагерлер негізінен жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет пен сүйіспеншілікті, ұлттық рух қасиеттерін осы мектеп қабырғасынан алып, елім, жерім деген ниетте қанаттанып өсуі керектігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, осы бала кезден-ақ ана тілі мен дінін, ділін, оның тарихы мен ұлттық салт-дәстр, әдет-ғұрыптарды, мәдени мұраларды қастерлеп, қасиет тұтуға шақырды. Кездесу барысында Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашы «Желтоқсан-86 көтерілісі», Тәжік-Ауған қақтығысында болған уақиғалар мен әскери қызметтің қыр-сырлары жайында патриоттық рухтағы біршама естеліктер айтылып, мысалдар келтірілді.

Осынау игі тілектерге қосылған 74261 әскери бөлімінің «Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі» орынбасары МУА майор А.Асқаров пен кадрлар қызметінің бастығы майор Р.Қыдырбеков те оқушыларға әскери сала бойынша көптеген мағлұматтар беріп, Отанды қорғау әр қазақ азаматының қасиетті борышы екендігі туралы нақтылап айтып өтті.

Ардагерлер мен әскери қызметшілер, оқушылар арасында сұрақ-жауап алмасқан «Ерлік сабағы» өте сәтті өтті. Шәкірттер де белсенділік танытып, Отан, Желтоқсан көтерілісі, патриоттық сезім туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісті. Сабақ соңы елімізде мәңгі тыныштық болсын, Отанымыз Қазақстан мәңгі жасай берсін деген жалынды сөздер мен жүрекжарды тілектермен аяқталды.

У.А. ТУРГАМБАЕВА,

ҚРҚК қызметкері,  74261 әскери бөлімнің ТжИЖ

жөніндегі бөлім басшысының әскери

қызметшілердің отбасымен жұмыс

ұйымдастыру жөніндегі көмекшісі.

Алдыңғы мақала

Игілікті істер мол болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Мен елімнің бақытты ұланымын»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
710
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.