Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысына – 4 жыл: Талдықорғанда 187 аула, 30 үйдің қасбеті, 80 үйдің шатыры жөнделді

11 Маусым, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: Талдықорғанда 187 аула, 30 үйдің қасбеті, 80 үйдің шатыры жөнделді
2
БӨЛІСУ
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы құрылғаннан бері Талдықорғанда 187 аула абаттандырылып, 80 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделді, сондай-ақ 30 көп қабатты үйдің қасбеті жаңартылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасып жатыр. Жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тексерді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, биыл «Самал», «Жастар», «Мүшелтой», «Болашақ», «Көктем», «Ғарышкер» шағын аудандарында аулаларды абаттандыру жұмыстары басталды. Аралау барысында өңір басшысы «Мүшелтой» шағын ауданындағы бір аулада атқарылған жұмыстарды көрді.

Мердігерлермен әңгімелесу барысында облыс әкімі:

– Мемлекет басшысы тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыру туралы алдымызға нақты міндет қойып отыр. Бұл дегеніміз – әрбір аула, әрбір қасбет, әрбір жаяу жүргіншілер аймағы есеп беру үшін емес, халықтың игілігі үшін жөнделуі тиіс. Сондықтан жұмыстардың сапасына, мерзімнің сақталуына және қолданылатын материалдардың ұзаққа шыдас беретіне ерекше назар аудару қажет, — деді.

Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания өкілдері өңір басшысына жұмыстардың сәуір айының басында басталғанын жеткізді. Бүгінгі күні 19 нысанның 12-сінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аулаларды абаттандыруға 22 техника жұмылдырылған, нысандарда 70-тен астам адам еңбек етуде.

Жансүгіров көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жалғасуда, бұл жобада 30 үй қамтылады. Сонымен қатар биыл тағы 33 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделеді.

Өңір басшысы атап өткендей, жөндеу барысында заманауи қаптау материалдары қолданылуда. Бұл тек үйлердің сыртқы келбетін жаңартуға ғана емес, сонымен бірге жөндеу сапасын арттырып, оның ұзақ мерзімді әрі сенімді болуына ықпал етеді. Қала бойынша барлық нысандардағы жұмыста осындай қағида сақталады.

– Өткен жылы Талдықорғанда 39 аула жөнделді, биыл тағы 19 аула абаттандырылады, келесі жылы 20 шақты ауланы қамту жоспарланып отыр. Барлық жұмыстар кешенді түрде жүргізілуде. Аулаларда жарықтандыру, брусчатка төсеу, орындықтар қою, спорт алаңдарын жасау, асфальттау және басқа да абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Қасбеттерді жөндеу кезінде түс үйлесіміне ерекше назар аударылады. Жұмсақ түстер мен қаптайтын заманауи материалдар таңдалады. Бұл талаптар жаңа тұрғын үйлердің құрылысында да ескеріледі, – деді Бейбіт Исабаев.

Өңір басшысымен әңгімелескен жергілікті тұрғындар қалада болып жатқан өзгерістерге ризашылықтарын білдірді.

– Соңғы 3–4 жылдың ішінде қаламыз айтарлықтай өзгерді. Біздің үйлерге де назар аударылып отыр. Олардың салынғанына 65 жыл болған, қасбеттері әбден тозған еді. Енді жөнделіп, қалпына келтіріліп жатыр. Қала тұрғындарына қамқорлық көрсетіліп жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз, – деді тұрғындардың бірі.

– Біз «Ұлан» шағын ауданының қалай өзгергенін көріп, қатты қуандық. Біздің үйлер салынғалы 40 жылға жуық уақыттан бері жөндеу көрмеген. Енді дәл сондай жөндеу жұмыстары біздің ауламызда да басталды. Қолдау көрсеткендеріңізге ризамыз, – деді тұрғындар.

Сонымен қатар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2024 жылдан бері 25 балалар ойын және спорт алаңы орнатылды. Ал биыл тағы 21-ін салу жоспарланып отыр.

Алдыңғы мақала

Области Жетісу – 4 года: в Талдыкоргане отремонтировано 187 дворов, фасады 30 домов и кровля 80 домов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Область Жетісу: благодаря принимаемым мерам в этом году в Талдыкоргане износ тепловых сетей снизится на 11%

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.