Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысы: қабылданған шаралардың арқасында Талдықорғанда биыл жылу желілерінің тозуы 11%-ға төмендейді

11 Маусым, 2026
Жетісу облысы: қабылданған шаралардың арқасында Талдықорғанда биыл жылу желілерінің тозуы 11%-ға төмендейді
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Талдықорған қаласында 2022–2025 жылдар аралығында 25,1 шақырым жылу желісіне күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жансүгіров көшесіндегі магистралды жылу желілерінің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Атап өтсек, бұл жобаны іске асыру жылу желілерінің тозуын 11%-ға төмендетуге мүмкіндік береді,  — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Жансүгіров көшесіндегі Гагарин көшесінің қиылысынан №3 сорғы стансасына дейінгі аралықта орналасқан магистралды жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына мониторинг жүргізді. Жөнделіп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 3,5 шақырым.

Белгілі болғандай, аталған жұмыстар биылғы жылдың мамыр айының аяғында басталған. Жобаны толық аяқтау қыркүйек айының соңына жоспарланған. Мердігер ұйым барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтап, тамыз айында жол жамылғысын қалпына келтіріп, асфальт төсеуді міндетіне алған. Қазіргі таңда 1,5 шақырым жылу желісі жаңартылды.

Өңір басшысы Бейбіт Исабаев жұмыс барысында техникалық талаптар мен қауіпсіздік нормаларының қатаң сақталуына ерекше назар аударып:

– Құбырлар 1980-жылдары салынған, сәйкесінше олардың пайдалану мерзімі әлдеқашан аяқталған. Жөндеу кезінде дәнекерлеу жұмыстары сапалы болуы тиіс. Жалпы, тек құбырларды ауыстыру ғана емес, жылу беру маусымы басталғанға дейін бүкіл жүйенің жұмысын қамтамасыз ету керек. Жүйе тұрғын үйлерге жылуды үздіксіз жеткізіп тұруы тиіс. Ең алдымен, жылыту маусымы басталғанға дейін желілердің дайындығын тексеру үшін қысыммен сынау жұмыстарын жүргізу керек. Барлық негізгі жұмыстар аяқталғаннан кейін жол бөлігін, тротуарлар мен жол таңбаларын тиісті қалыпқа келтіріңіздер, – деді Бейбіт Исабаев. Ол қала әкіміне жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Жалпы, биыл Талдықорған қаласында 10,3 км жылу желісі жөнделеді.

Алдыңғы мақала

Область Жетісу: благодаря принимаемым мерам в этом году в Талдыкоргане износ тепловых сетей снизится на 11%

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысындағы Алакөл жағалауы биылғы туристік маусымды толық дайындықпен қарсы алуда

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.