Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Сарытау – Жетісудың жаңа туристік бренді

22 Маусым, 2026
Сарытау – Жетісудың жаңа туристік бренді
5
БӨЛІСУ
60
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын ел экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде айқындап, оны жүйелі дамыту жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Осы тапсырма аясында өңірлерде туристік әлеуетті арттыруға бағытталған жұмыстар қарқын алып келеді.

Табиғаты таңғажайып Панфилов ауданы да туристерді қызықтыратын ерекше мекендердің қатарына жатады. Аспанмен астасқан қарлы шыңдары, мөлдір өзендері мен жасыл желек жамылған жайлаулары бұл өлкенің басты байлығы саналады. Қай қонақ келсе де Жаркент өңірінің көркем табиғатына тәнті болып, ерекше әсермен аттанады.

Соңғы жылдары ауданның туристік әлеуетін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі – табиғаты тұмса күйінде сақталған «Сарытау» жайлауының Жетісу облысындағы жаңа туристік аймақтардың қатарына енуі. Бұл өңірдің туристік тартымдылығын арттырып қана қоймай, аудан экономикасының дамуына да тың серпін бермек.

Осыған орай Visit Zhetysu туристік ақпараттық орталығы еліміздің әр өңірінен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен танымал блогерлерді арнайы шақырып, Сарытау өңірінің мүмкіндіктерімен таныстырды.

Ақпарат өкілдері Үсек өзенінің мөлдір суын, ну орманды алқаптарды, ерекше жартасты табиғи ландшафтарды аралап көріп, өңірдің қайталанбас сұлулығына жоғары баға берді. Сонымен қатар олар Жазиралы Жаркент халқының қонақжайлығы мен ақжарқын көңілін ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында «Жаркент-Арасан» сауықтыру кешенінде БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, ауданның туристік әлеуеті мен саланы дамыту бағытындағы алдағы жоспарлар талқыланды. Кездесу барысында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өңірдің туристік мүмкіндіктеріне қатысты пікірлерін білдірді.

Жиында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев өңірдің табиғи байлығы мен тарихи-мәдени нысандары ішкі және халықаралық туризмді дамытуға толық мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта туристік инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа бағыттар ашу және өңірді кеңінен насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар жалғасады.

Сарытау жайлауының жаңа туристік аймақ ретінде танылуы – Панфилов ауданының туристік әлеуетін арттырудағы маңызды қадам. Бұл бастама өңірге келетін қонақтар санын көбейтіп қана қоймай, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аудан экономикасының өркендеуіне оң ықпал етпек. Жетісудың інжу-маржаны саналатын Сарытау алдағы уақытта еліміздің ең танымал туристік бағыттарының біріне айналары сөзсіз.

Алдыңғы мақала

«Жаркент Плаза» – кәсіпкерлік пен өркендеудің жаңа белесі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Медицина мамандары марапат төрінен көрінді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.