Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысына – 4 жыл: өңірде 276 әлеуметтік нысан жаңғыртылса, соның 23-і – Көксу ауданында

22 Маусым, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: өңірде 276 әлеуметтік нысан жаңғыртылса, соның 23-і – Көксу ауданында
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде әлеуметтік нысандардың 55,8 % жаңарды, яғни 276 нысан жаңа кейіпке енді. Соның 20-сы Көксу ауданында салынды, тағы 3 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Аудан тұрғындарымен кездесуі барысында Бейбіт Исабаев әлеуметтік саланы дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Облыс құрылғаннан бері Көксу ауданында 6 білім беру ы, 16 денсаулық сақтау және 1 мәдениет нысандары салынды және күрделі жөндеуден өткізілді. Оның ішінде өткен жылы Қызылтоған, Бесқайнар, Жетіжал, Қаратал елді мекендерінде жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді. Сонымен қатар З. Тамшыбай ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар биыл да жалғасуда, – деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектеп ғимаратында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл қуанышты жаңалықты әсіресе оқушылардың ата-аналары жылы қабылдады. Солардың бірі – мектеп бітіруші түлектің анасы Арайлым Жұманова пікірін білдірді.

– Біз, ата-аналар мектептегі жөндеу жұмыстарымен танысып, кабинеттерді аралап көрдік. Барлығы әдемі, жайлы, заманауи деңгейде жасалыпты, жаңа жиһаз, құрал-жабдықтар мен техникалар ерекше ұнады. Менің қызым осы мектепте оқып, биыл «Алтын белгімен» бітірді. Жөндеуден кейін мектебіміз тіпті қала мектептерінен бір мысқал да кем емес болып шыққан. Балаларымыз осындай заманауи мектепте оқитынына қуаныштымын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсеткен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді көп балалы ана.

Атап өтсек, ғимаратқа жөндеу жүргізген мердігер мекеменің прорабы Сәкен Сабитовтің айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. Жоба аясында ғимаратқа сейсмикалық күшейту жасалып, жөндеу және абаттандыру жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар жөндеу барысында жаңа стадион, волейбол мен баскетбол алаңдары салынды. Мектепте модульдік қазандық орнатылып, енді ғимарат табиғи газбен жылытылатын болады.

Өңір басшысы атап өткендей, Балпық би ауылында жаңа шағын ауданның бой көтеруіне байланысты 600 орынды жаңа мектеп салу туралы шешім қабылданған. Жоба мемлекеттік сараптамадан өткен, қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілген.

Сонымен қатар маусым–шілде айларында Талапты орта мектебі жанындағы стадионды абаттандыру және «Қуаныш» балабақшасының ауласын жөндеу жұмыстары аяқталады. Маусым айында «Балдәурен» балабақшасы ғимаратының ағымдағы жөндеуі аяқталады, ал шілде айының соңында Қ. Жалаири атындағы мектеп-гимназияның жылу жүйесін жаңарту жұмыстары бітеді деп жоспарланған.

Алдыңғы мақала

Медицина мамандары марапат төрінен көрінді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысының агроөнеркәсіп кешенінде 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.