Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында Президенттің атынан өңірлік БАҚ-тың екі қызметкеріне пәтер кілттері тапсырылды

27 Маусым, 2026
Жетісу облысында Президенттің атынан өңірлік БАҚ-тың екі қызметкеріне пәтер кілттері тапсырылды
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Президенттің атынан өңірдегі БАҚ-тың екі қызметкеріне пәтер кілттері берілді. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Масс-медиа өкілдеріне жылы құттықтауын жеткізген Бейбіт Исабаев:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев күні кеше  журналистермен болған салтанатты жиында «…сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды…», — деп атап өтті. Бұл – мемлекет тарапынан медиа саласы қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға көрсетіліп отырған айрықша қамқорлықтың көрінісі. Кәсіби журналистерге лайықты жағдай жасау – отандық журналистиканың одан әрі дамуына, ақпараттық кеңістіктің сапасын арттыруға қосылған маңызды үлес. Жаңа пәтер сіздерге кәсіби жетістіктердің бастауы болсын, — деді ол.

Осы күні пәтер кілттері облыстық  «Жетісу» газетінің тілшісі Медет Жұмабаев пен «Жетісу» радиосының редакторы Сымбат Елебековаға табысталды. Іші жиһазбен, тұрмыстық техникалармен жабдықталған пәтерлер жаңадан салынған тұрғын үйден берілді.

Көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыстарын білдірген журналистер алдағы уақытта да өңірдің өркендеуі жолында еңбек етіп, халыққа жедел, объективті әрі шынайы ақпарат ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді.

—  Бүгін қолыма өз пәтерімнің кілтін ұстап тұрғаныма әлі де сене алар емеспін. Бізге осындай қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына шынайы алғысымды білдіремін. Еңбегіміздің бағаланып, бізге қамқорлық жасалып жатқаны – үлкен бақыт, үйлі болып, басыма бақ қонды деуге болады, бұл әр адамның арманы. Кәсіби мерекеміздің қарсаңында отбасымның арманы орындалды. Осы қуанышқа себеп болған барша жанға жүрекжарды алғысымды айтамын. Әріптестеріме зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт тілеймін, – деді журналист, екі баланың анасы Сымбат Елебекова.

Медет Жұмабаев та алғысын жеткізді:

– Журналистер күні қарсаңында өз пәтерімнің кілтін алу – менің отбасым үшін үлкен  қуаныш. Осындай игі бастама көтерген еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Осындай бақыт әрбір отбасының еншісіне бұйырсын. Өзге әріптестерім де осындай қуанышқа жетсін деп тілеймін. Енді  төрт баламның өз шаңырағы, өз баспанасы бар. Бұл – ең басты нәрсе. Баршаңызды кәсіби мерекемен тағы да құттықтаймын! Қазақстан журналистикасы өркендей берсін, – деді ол.

Алдыңғы мақала

Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.