Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Құрылыс сапасы – қатаң бақылауда

29 Маусым, 2026
Құрылыс сапасы – қатаң бақылауда
10
БӨЛІСУ
130
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Аудан әкімі Марат Рахымбердіұлы Сағымбек өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жұмыс сапасы, құрылыс қарқыны және нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері басты назарға алынды.

Алдымен аудан басшысы Сүптай ауылында салынып жатқан 120 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңына барды. Қазіргі таңда білім беру нысанында ішкі әрлеу және инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Нысанды аралау барысында ішкі жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты бірқатар кемшіліктер анықталды.

Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне анықталған олқылықтарды қысқа мерзімде толықтай жоюды қатаң тапсырды. Құрылыс жұмыстарының сапасы талапқа сай болуы қажеттігін айтып, жауапты тұлғаларға нақты мерзім белгілеп, кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша тиісті ескертулер жасады.

Жаңа мектепті биылғы оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осыған байланысты жаз мезгілін тиімді пайдаланып, құрылыс жұмыстарын толық аяқтау, мектеп аумағын абаттандыру, көгалдандыру және сыртқы инфрақұрылымды жобаға сәйкес ретке келтіру міндеті қойылды. Сонымен қатар жауапты бөлім басшылары мен болашақ мектеп әкімшілігіне құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, күнделікті мониторинг жүргізу тапсырылды.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Сүптай ауылында жеке инвесторлардың қолдауымен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен де танысты. Қазіргі таңда мұнда 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 үйдің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беруге дайын.

Бұл баспаналар көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында салынуда. Заманауи талаптарға сай жобаланған үйлер кең әрі жайлы, барлық қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

Аудан басшысы тұрғындарды баспанамен қамту Панфилов ауданындағы әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде ауданның көптеген ауылдарында осындай тұрғын үйлер бой көтеруде. Соңғы жылдары аудан көлемінде 200-ден астам тұрғын үй салынып, олар кезең-кезеңімен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында аудан әкімі Жаркент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстарының барысын да көрді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ғимараттардың сыртқы келбетін жаңарту қала сәулетін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, Панфилов ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй салу және елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Аудан басшылығы барлық жобаның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруда.

Алдыңғы мақала

Арпа, бидай ас екен

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В области Жетісу зафиксированы нарушения при использовании бюджетных средств

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.