Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілді.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 175,9 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бұзушылықтар, сондай-ақ жалақыны, еңбек демалысы төлемдерін, үстемеақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз төлеу фактілері анықталды.
Аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар жойылды. Мекеме атына анықталған бұзушылықтарды және олардың орын алуына ықпал еткен себептерді жою туралы нұсқама жолданды.
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік қаражаттың заңды, тиімді және ашық пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.










