Бейсенбі, 9 Шілде, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісудың Алакөл көлінде демалушылар жағалауда жасалған қолайлы жағдайларға оң баға беруде

7 Шілде, 2026
Жетісудың Алакөл көлінде демалушылар жағалауда жасалған қолайлы жағдайларға оң баға беруде
1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы құрылғаннан бері туризмді, соның ішінде Алакөл көлінің жағалауын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес жағалаудағы санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Ақши, Көктұма ауылдарындағы көл жағалауларының тазалық жұмыстарымен тұрақты айналысатын арнайы «Алакөл Тазалық» коммуналдық кәсіпорны құрылған, онда 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Тазалық жұмыстарына 20-дан астам техника жұмылдырылған.

Бұл ретте коммуналдық жағажайға 720 қоқыс контейнері қойылған. Сол сияқты 44 киім ауыстыратын кабина, 24 модульдік дәретхана, 45 биодәретхана орнатылған.

Қайықтар мен паромдарға қатысты айтсақ, өткен жылы Алакөлдегі шағын жүзу құралдарының қозғалысын реттеу мақсатында Жетісу облысында ортақ су пайдалану және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бекітілді. Аталған қағидаларда су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді, оларды сақтамағаны үшін жауапкершілік белгіленді.

Жалпы, Алакөл көлінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағалау аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл жұмыстарға 14 құтқарушы, 11 моторлы қайық жұмылдырылған. Сонымен қатар биылғы шомылу маусымында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 50 полиция қызметкері, 16 қызметтік автокөлік және 5 ұшқышсыз дрон тартылған.

Сонымен қатар жағалау бойында 40 құтқару мұнарасы орнатылып, 13 шақырымға буй сызықтары тартылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 39 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді және 7 пирс пайдалануға берілген.

Күнделікті суда да, жағажайда да қауіпсіздік мақсатында мамандар тарапынан тұрақты түрде рейд жүргізіледі.

Сондай-ақ жағалау аумағының жай-күйін бақылау, оның ішінде экологиялық мәдениеттің қарапайым талаптарының сақталуын қадағалау бейнебақылау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Орнатылған бейнекамералар жергілікті полицияның Жедел басқару орталығының жүйесіне қосылған. Соның нәтижесінде қоқыс тастайтын, көлік құралдарын рұқсат етілмеген орындарға қоятын және өзге де құқық бұзушылықтарға жол беретін азаматтар бейнежазбалар арқылы анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Демалушылар көл жағалауында жасалған жағдайларға оң бағасын берді.

— Емдік қасиеті бар, табиғаты тамаша Алакөл көлін жақсы көреміз. Отбасымызбен жыл сайын міндетті түрде бір маусымда екі рет келеміз. Биыл тазалыққа ерекше көңіл бөлінгені бірден байқалып тұр. Киім ауыстыратын орындар, жаңа дәретханалар орнатылып, камералар қойылған, жағажай таза. Жылдан жылға демалушыларға жасалған жағдайлар жақсарғаны бізді қуантады, — деді демалушылардың бірі.

 — Биыл жағалаудағы өзгерістер бірден көзге түседі. Жағажай тап-таза, тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр. Күннен қорғайтын қолшатырлар, дәретханалар, киім ауыстыратын және демалуға арналған кабиналар орнатылған. Ең бастысы – тазалықтың сақталғанын ерекше айтар едім. Әрбір санитарлық торапта барлық қажетті гигиеналық құралдар бар, қол жууға арналған сұйық сабынға дейін қойылған. Жалпы, демалуға жайлы әрі қолайлы жағдай жасалғанын көріп отырмыз, – деді демалысқа келген отбасы мүшелері.

Еске салсақ, Алакөл жағалауында соңғы үш жылда инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында іргелі жобалар іске асырылған болатын. Атап айтқанда, көлге апаратын автожолдар жаңарып, Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы жаңғыртылды. Жазғы маусымда көлге көлікпен жетуді қамтамасыз етуде темір жол бағыты, әуе рейстері тұрақты ұйымдастырылған. Оған қоса жағалауды жеткілікті электр қуатымен қамту мақсатында 57 шақырым электр желісі мен екі қосалқы станса құрылысы аяқталды. Бұл электр қуаты тапшылығын жойып, қажетті электр энергиясының қорын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде Алакөл жағалауында жобалық қуаты жағынан еліміздегі ірі жобалардың бірі — тәулігіне 6,5 мың текше метр су тазарта алатын кәріз тазарту қондырғысының 2-ші кезегінің құрылысы жүруде. Сонымен қатар жағалауды бекіту жобасы да жалғасуда. Жағалау жиегінің шайылуын болдырмауға бағытталған жоба 14 шақырымға жуық жағалау аумағын қамтиды. Өткен жылдың шілде айында басталған құрылыс жұмыстарын келесі жылдың жазында аяқтау жоспарланып отыр.

Алдыңғы мақала

Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.1k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
959
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
816
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
804
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
792
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
644
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
555

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.