Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Айдарбек Сапаров Жетісу облысында АӨК саласында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және егін жинау барысымен танысты

24 Шілде, 2026
Айдарбек Сапаров Жетісу облысында АӨК саласында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және егін жинау барысымен танысты
2
БӨЛІСУ
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары барысында Жетісу облысындағы агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ егін орағы науқанының қарқынына айрықша көңіл бөліп, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті.

Жұмыс сапары барысында су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы суармалы егіншілікті дамыту мәселесіне баса аударылды.

Министр «АгроХолдинг Жетісу» серіктестігіне барып, 1,4 мың гектар алқапта заманауи суару жүйесін құру жобасымен танысты. Жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылған.

Биыл шаруашылықта 1 454 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде жоңышқа, арпа, жүгері және күнбағыс бар.

«Бүгінде су үнемдеу технологияларын енгізу – өнімділікті арттырудың ғана емес, ауыл шаруашылығының орнықты дамуының басты тетігі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл бағыттағы қолдау шаралары одан әрі кеңейтіледі. Сонымен қатар бөлінген әрбір теңге өндіріс тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табысын көбейтуге қызмет етуі тиіс», – деді Айдарбек Сапаров.

Министр тәулігіне 300 тоннаға дейін шикізат өңдейтін «Уыз Май Индастри» серіктестігінің май экстракциялау зауытына да барды. Кәсіпорын соя майы мен шрот өндіреді. Өнім ішкі нарыққа шығарылып, Тәжікстанға, Қырғызстанға және Ауғанстанға экспортталады.

«Хильниченко и К» командиттік серіктестігінің егіс алқабында министр күздік бидай орағы жұмысымен және 2,1 мың гектардан астам суармалы жерді игеріп отырған шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын аралап көрді. Күздік бидайдың орташа өнімділігі гектарына 24,4 центнерді құрайды.

Іс сапар барысында қант қызылшасы шаруашылығын дамыту мәселесіне де назардан тыс қалмады. Жетісу облысы – еліміздегі қант қызылшасын өндіретін жетекші өңірлердің бірі. Биыл өңірде бұл дақыл 13,5 мың гектар алқапқа орналастырылды.

Айдарбек Сапаров су үнемдеу технологиясы арқылы қант қызылшасын өсіретін «Нам» шаруа қожалығында болды. Шаруашылықтың 850 гектар суармалы жерінің 238 гектарына қант қызылшасы егілген.

Ал фермерлермен кездесу барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін кеңейту, егіс алқаптарын әртараптандыру, мал шаруашылығын дамыту және басқа да бағыттар қаралды.

«Министрлік аграршылармен тұрақты диалог негізінде жұмысты жалғастыра береді. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз мемлекеттік қолдау шараларын уақытылы жетілдіруге және саланы одан әрі дамытуға бағытталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірде мал шаруашылығын, әсіресе сүтті мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын күшейту қажет», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Жұмыс сапары аясында министр Талдықорған қаласының Еркін ауылдық округіндегі ветеринариялық бекеттің қызметімен де танысты.

Жетісу облысында 2026–2030 жылдарға арналған ветеринариялық қызметті дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс құрылғаннан бері 66 жаңа ветеринариялық бекет пен бір ветеринариялық станса пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 16 ветеринариялық бекет пен төрт ветеринариялық стансаны іске қосу жоспарланған. Бұл өңірді ветеринариялық инфрақұрылым нысандарымен толық қамтамасыз ете алады.

Өңірдің ветеринариялық қызметінің материалдық-техникалық базасы да кезең-кезеңімен нығайтылып келеді. Соңғы төрт жылда ветеринариялық ұйымдарға 83 автокөлік, 100 фармацевтикалық тоңазытқыш, 102 термочемодан және өзге де арнайы жабдықтар берілді.
Қабылданып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты қалыпта. Жыл басынан бері облыста 6,1 млн бас ауыл шаруашылығы жануарына вакцина салынды.
Сонымен қатар жоспарлы диагностикалық зерттеулер толық көлемде және белгіленген мерзімде жүргізілуде.

Алдыңғы мақала

«Цифрлық сот орындаушысы» Жетісу облысының тұрғындарына 30 миллион теңгеге жуық қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан адам дамуы бойынша аймақ көшбасшысы атанды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.