Партиялық дебаттың ІІІ кезеңінде ӘDILET партиясы басқарушылар тобы мен саяси кеңесінің мүшесі Ренат Бектұров Respublica партиясы Орталық кеңесінің мүшесі Екатерина Смоляковаға сұрақ қойды. Ол партия өкілінен сайлауалды бағдарламасында жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге, сұранысты арттыруға қандай шешімдер ұсынылғанын сұрады.
«Жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбек адамының беделін арттыру — бұл біздің барлығымыздың міндетіміз. Өйткені еңбек құрмет бар жерде ғана өсіп-өнеді. Respublica партиясы нағыз істің, өз кәсібін дамытып жүрген азаматтардың партиясы. Еңбек адамдарының патиясы. Қазақстанда еңбекке жарамды 9 млн адам болса, 3 млн кәсіпкер 4,5 млн адамды жұмыспен қамтып отыр. Біздің партия бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде», – деді Екатерина Смолякова.










