Теледебаттың шешуші V кезеңінде «Ақ жол» демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Нұралдинов қорытынды сөз сөйледі
Олжас Нұралдинов адам капиталын дамыту партия жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қабылдануы, бөлшек салықтың төмендеуі және шетелдік легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруды тоқтату сияқты бастамаларды партияның нақты нәтижелері ретінде атап, сайлаушыларды өз таңдауын жасауға шақырды.










