Асқаров Азамат Қасымбекұлы 1985 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы, Қызыл жұлдыз ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Қапал ауылына көшіп келген. Ғали Орманов атындағы орта мектепті тәмамдап, 2003 жылы ҚР ҚК Алматы Жоғары Әскери училищесіне түскен. 2007 жылы аталмыш оқу ордасын «Броньды танк техникасы және қару-жарақ» мамандығы бойынша аяқтап, лейтенант шенін алған.
Қазір Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөлімінде Тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінде идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі аға офицер лауазымында қызмет атқаруда. Әскери шені – майор.
АНА
Ана деген аспандағы ақша бұлт.
Ана менен сусындаған барша жұрт.
Ана тілі әр баланың аузында,
Амандығын тілейікші тамсанып.
Ақ самайы әжім түскен анамыз.
Көңіл күйін көтерейік бәріміз.
Аман болсын бұл жалғанда анамыз,
Ондай жанды қайдан іздеп табамыз.
Ана деген адалдықты үйреткен.
Осылар ғой жамандықтан жиренткен.
Жақсылардың жасын тілеп біз үшін,
Түн ұйқысын төртке бөліп күзеткен.
***
ӘКЕ
Әке деген ең бір күшті алып па?!
Әке айтқан сөзін тыңдар халық та.
Әкең барда ешнәрседен қорықпа,
Жауды жеңер батырдайсың жорықта.
Әкең барда саған ешкім ұрыспас.
Келешектің есігін тек өзің аш.
Әке деген атқа лайық жан болсаң,
Жалғыз әкең қойған жолды дұрыс бас.
Әке деген аттың өзі ерекше.
Әкең шіркін еркелетер бөлекше.
Кішкентайым, балапаным, дегені,
Сақталады өмір бақи жүректе.
Әкеменен көгереді жеріміз.
Әке барда тыныш болар еліміз.
Әке барда еш қиындық болмайды.
Тек осылай боларына сеніңіз.
Әке сыйлап өскен жұртпыз тегі біз.
Жоғалмасын бұл жалғанда тегіміз.
Әкелердің жолын қуар жастарым,
Келешегі әкелердің – өзіміз.
***
ЖҮРЕК ЕМІ
Күш пенен қуат берер бұл өмірде
Жылы сөз, жанға жақын, сөз демеуі.
Жүректе тыңдап болып қортындылар
Талқылап өткізетін – сөз елеуі.
Адамзат атаулыда жүрекпенен
Жақсы да жаманы да іріктелген.
Жүрегің жұмсақ болса қайырымды
Алладан тілеуіңді сұрап берген.
Жүрегің қатты болса тас қамаудай
Күндердің күні жетер бұл жалғанда
Істеген жамандығың сұрақпенен.
Әттең деп өкінетін әр адамда
Арманы бар өзегін бұрап жеген.
Арманы орындалар адамдардың
Істері – ақ, келесі өмірі – жұмақ мекен.
Қаншама ойға салып үңілсек те
Орынсыз істер бар деп түңілсек те.
Барлығы қалатыны айдан анық
Сұраққа жауап болып сол жүректе.
***
Әр кезең қиындықпен сыналады.
Қиындық көрген адам шыңдалады.
Күн түссе, түстен кейін жел соғады.
Ақылды сөздер болса тыңдаушың жоқ
Айтылған сөздің өзін кім ұғады.
Сарқырап аққан өзен бұрқырайды
Өмірдің белең алған сәтсіз кезі.
Есіңе түссе сүйек сырқырайды.
Сондықтан болмас қарау бұл өмірге
Қазір бар, ертең кеш деп немқұрайлы.
***
ӨМІР ДЕГЕН…
Өмір деген өтер көктем, өтер күз.
Өтіп жатқан бұл өмірге не істерсіз.
Әрбір күннің алдандырған табысы
Соны ойлап бос өмірден өтерсіз.
Ескегі бар қайықтайсың теңселіп
Байқап көрші ескектерін тексеріп.
Кенет сынып суға батып кетердей
Сондықтан ғой өткінші өмір өтер, ей!
Жасың барда жаның сенің тыншымас
Қаның тасып, бойды түзеп алға бас.
Сен – арлансың, арғы күннің азығын
Алдын ала ойластырып қойғансың.
Сен – қырансың қырағы ұшып самғайтын
Жел тұрсада қанатың бар талмайтын.
Сен – еліксің ұлы дала еркесі
Барлық жанның көтеретін еңсесі.
Сен – адамсың, ақылдысың бәрінен
Дәмін татқан табиғаттың нәрінен.
Дүниені тыңдатқызып жыр айтып
Бала сүйіп, ұйықтататын әнімен.
Еңбек еткен таңмен тұрып, кеш батса
Арпалысқан тірлік қылып жанымен.
Сен – адамсың, қас батырсың
Жауды жеңген, құнын төлеп қаныңмен.
Бірақ өмір жалғанды…
Жеңе алмассың кім болсаңда әліңмен.
***
ҚАЗАҚ ОСЫ
Қазақ деген атың бар.
Ата бабаң қалдырып,
құрметтеген салтың бар.
Қазақпын деп жауыңа.
Қасарысқан қалпың бар.
Қол беріскен досыңа
берік нағыз антың бар.
Қазақ деген халықпыз біз бұрыннан.
Қазақ деген негізі асыл ұғымнан.
Қазақ осы той тойласа табысқан.
Тұлпарлары босамаған шабыстан.
Қазақ ойын ойнайтұғын дәстүрлі
Жамбы атып, жебе тартқан алыстан.
Қазақ қызы ұзатылған елінде
Батыр бабам көшпенділер болғаны.
Бір қазағым аза тұтқан кезінде
Мың қазақ болып бәрі бірдей толғады.
Қазақ деген мейман халық өмірде.
Налымайтын қиыншылық өмірге.
Қазақ деген ар намысты жібермес.
Жігіттері өз алдына бір белес.
Қара жонын тосқан талай қазақтың.
Қыл арқаны кескілеген азаптың.
***
ЖЕТІНШІ МАМЫР
Отанын жаудан қорғап кеудесімен.
Жауының көзін тескен жебесімен.
Жауынгер сақадай сай бүгінгі күн
Бабамыз оралғандай жел өтінен.
Бейне бір қуанамын осы күнге
Жауыздар құрығандай жер бетінен.
Жауынгер осы күнді ұмытпағын
Жас ұрпақ – рухы мықты ер жетілген.
Жеті саны қазақта қасиетті.
Дәуір аунап, қаншама ғасыр өтті.
Жетінші мамыр күні құтты болсын,
Келмеске кетсін күндер қасіретті.
***
Асқақ екен ұстаған армандарың.
Ұмытпашы өткінші жалған барын.
Бүгін істер жақсылық қайырымың
Керек емес, ертең жоқ бауырларың.
Жүрсең қуып бос әуре болғаны де.
Қу дүние берердей сағымдарын.
Өзен көрсең ойланып, өлшер кезің
Ағып жатқан тездеткен ағымдарын.
Адам көрсең көңілің түсер болса
Қайырымды істерің босқа болар.
Ата-ананың қадірін кеш түсінген
Кешіккенде көздерің жасқа толар.
Адам да бір гүлдей ғой өсіп шыққан
Күн көзінсіз жайқалмай босқа солар.
Сөздің түбі шикі деп айтқан екен
Маңдайыңды имектеп тасқа соғар.
Ойланғаным жөн десең болар екен
Сабыр берсін бір Алла, жүрек шыдар.
***
Арман деген жеткізеді мұратқа
Арман шіркін жақындайды ұзап та.
Арманыңды орындаңдар өздерің
Ауыстырып алмай тұрып азапқа.
Армансыз өткен адамды
Ұқсатыңдар құсқа түскен тұзаққа.
Арман деген тұрады екен белестен
Арман деген көзге келер елестен.
Армандары орындалар адамда
Өтіп кетсе сан мың тұрған белестен.
Арман шіркін құстай ұшып шарықтар
Желдей жүйткіп шаңмен ұшып қалықтар.
Егер шамаң жетер болса ұмтылып
Шаңын қағып ең тазасын алып қал.
Армандаңдар асылдарым қазағым
Шаңдай болып ұшып кетсін азабың.
Армандарың қолда қалған оң болып
Орындалсын әрбір тілек жолдардың.
Осы шумақ өлеңімді сендерге
Келіп тұр ғой шын көңілмен жолдағым.
***
Бала деген әр үйдің мақтанышы
Балаң болса сақталар үй ырысы.
Балаң ойнап, ән салса тамаша ғой
Бейне үйдің болғандай кең тынысы.
Осы күн балаларға болсын мәңгі
Күш пен қуат, бейбітшілік ең дұрысы.
Бала деген арман ғой жетелейтін
Балаңа сен, көңіл бөл, еркелейтін.
Біз қазақпыз баласын кемсітпеген
Бала тұрса алдында кет демейтін.
Ер жетсінші баламыз өркендесін
Жасымайтын жас өркен, өр кеудесің.
Жас өспірім елжіреткен ел жүрегін
Көк туындай қазақтың желбіресін…