Жетісу облысында әсіресе ауылдық жерлердегі білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Биыл өңірде бір мезгілде жалпы саны 1280 оқушыға арналған бес жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданыстағы үш білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның біреуі пайдалануға берілді, ал қалған төрт жаңа мектеп жыл соңына дейін ел игілігіне ұсынылады.
Негізгі мақсат – білім сапасын арттыру, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру және педагогтердің еңбек ету жағдайын жақсарту.
Атап айтқанда, жаңа мектептер Кербұлақ ауданындағы Көксай, Панфилов ауданындағы Сүптай, Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдарында, сондай-ақ Қаратал ауданы Үштөбе қаласы мен Талдықорғанда бой көтеруде. Көксу ауданы Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді, тағы екі мектептің жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.










