Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

4 Тамыз, 2026
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шаралар өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар қауымы мен тұрғындар қатысуда. Іс-шаралар барысында әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау, құқықтық мемлекетті нығайту және мемлекеттік саясаттың өзге де басым бағыттары талқыланып жатыр.

«Әділет» партиясы Ақтөбе облысында бірқатар іс-шара өткізді. Республикалық сайлауалды штаб өкілдері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам белсенділерімен кездесті. Кездесулерде отбасыны қолдау, ана мен бала денсаулығын қорғау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық және мемлекеттік істердегі белсенділігі талқыланды. Сонымен қатар форумға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау, құқықтық мемлекетті дамыту, сот жүйесінің тәуелсіздігі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға құрметпен қарау мәселелерін көтерді. Кездесу барысында қатысушылар ұсыныс білдіріп, бастамаларын ортаға салды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Өскемен қаласында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сарапшылар және Құрылтай депутаттығына үміткерлердің қатысуымен республикалық кәсіподақтар конгресін өткізді. Іс-шарада ең төменгі жалақы мөлшері, тұтыну себеті, өндірісте жарақат алған қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнетақымен қамтылуы және кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар инклюзия мен әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Байтақ» жасылдар партиясы экология және халықпен өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған іс-шараларын жалғастырды. Алматы облысында мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен экологтардың қатысуымен Іле өзені мен Балқаш көлінің экожүйесін сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында су ресурстарының қазіргі жай-күйі және алдағы бірлескен жұмыстың ықтимал бағыттары талқыланды. Сонымен қатар партия кандидаттары Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелерімен және Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың ұжымымен кездесіп, экологиялық мәселелерді талқылады. Қызылорда облысында партия өкілдері Қызылорда – Арал бағыты бойында тұрғындармен кездесу өткізді.

Қазақстанның Халық партиясы әлеуметтік қорғау, инклюзия және отбасыларды қолдау мәселелеріне арналған кездесулерін жалғастырды. Партия өкілдері «Чувствуя жизнь» зағип және нашар көретін балалар орталығына барып, қолжетімді орта қалыптастыру және мүмкіндігі шектеулі жандарды қажетті қолдаумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ «Қорғау» дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларды қорғау және алимент төлеу мәселелеріне арналған кездесу өтті.

«Ауыл» партиясы республикалық сайлауалды штаб өкілдерінің Құрылтай депутаттарын сайлауды бақылау үшін Қазақстанға келген ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы делегациясымен кездесуін өткізді. Кездесу барысында сайлауалды науқанның барысы, штабтың жұмысы, сайлау науқаны аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар, партия бағдарламасының негізгі бағыттары, сондай-ақ сайлаушылармен өзара іс-қимыл және сайлауалды жұмысты қолданыстағы рәсімдерге сәйкес жүргізу мәселелері талқыланды.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы сайлауалды науқан аясындағы іс-шараларын жалғастырды. Қостанай қаласындағы Kostanay Plaza сауда-ойын-сауық орталығында ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. Сонымен қатар Меркі қант зауытының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, онда өнеркәсіпті дамыту, өндірісті мемлекеттік қолдау және әлеуметтік саясат мәселелері сөз болды.

Respublica партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырды. «Вега-Пром» ЖШС-де өткен кездесуде отандық өндірісті қолдау, өнеркәсіпті дамыту, «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ экономиканы цифрландыру және өндіріс секторын дамыту мәселелері талқыланды.

Алдыңғы мақала

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстандықтардың 72,3%-ы жаңа Құрылтай үшін дауыс беруге дайын

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.