Іс-шара Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, «Қазпошта» АҚ ғимаратының фойесінде ұйымдастырылды. Шараға ақпарат және байланыс саласының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын насихаттау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, өзекті мәселелер талқыланды.










