«Заң мен тәртіп» идеологиясын кеңінен насихаттау және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп: азаматтық жауапкершілік» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында қатысушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп қағидалары, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екені, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен елдегі заң үстемдігін нығайтуға әркімнің жеке жауапкершілігі бар екені айтылды.
Шара соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Кездесу жастардың құқықтық санасын арттырып, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік қағидаларын нығайтуға бағытталған










