Кездесудің мақсаты – жастар арасында заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және аға буынның өмірлік тәжірибесі арқылы азаматтық жауапкершілікті арттыру. Іс-шара барысында батагөй ақсақалдар жастарға тағылымды әңгімелер айтып, заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елге адал қызмет етудің маңыздылығы жөнінде өз ойларымен бөлісті.










