Көктал ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, заң талаптарын сақтау – қоғам қауіпсіздігінің негізі екені айтылды.










