Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Көшбасшы-2026»: Жетісуда алғаш рет үздік жас цифрлық көшбасшылар мен еріктілер таңдалды

12 Тамыз, 2026
«Көшбасшы-2026»: Жетісуда алғаш рет үздік жас цифрлық көшбасшылар мен еріктілер таңдалды
3
БӨЛІСУ
33
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында Халықаралық жастар күніне орай облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2026» жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінің жағалауында ұйымдастырылды. Биылғы жылдың басты ерекшелігі – елдің заманауи басымдықтарын, атап айтқанда цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті және волонтерлік қозғалысты дамыту бағыттарын айқындайтын жаңа номинациялардың енгізілуі болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының атынан іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады.

— Бүгінде Жетісу облысында 14 пен 35 жас аралығында 200 мыңға жуық жас бар. Араларыңызда ел дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген азаматтар аз емес. Жыл сайын еңбектеріңізді бағалап, үздіктерді «Көшбасшы» жастар сыйлығымен марапаттау – игі дәстүрге айналды. Биыл бұл марапаттың ауқымы кеңейді. Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай «Үздік жас цифрлық көшбасшы», ал Халықаралық волонтерлер жылы аясында «Үздік жас волонтер» номинациялары енгізілді. Бұл – еліміздің технологиялық дамуын қолдап қана қоймай, қоғамдағы жанашырлық пен ізгілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды қадам, – деді Д. Есдәулетов марапаттау рәсімін бастай отырып.

Жаңа «Үздік жас цифрлық көшбасшы» номинациясының жеңімпазы Самал Серікова атанды. Ол «Future IT» мектебінде робототехника жаттықтырушысы болып қызмет етеді, сондай-ақ Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде оқу ісі жөніндегі меңгеруші және информатика пәнінің оқытушысы. Ал «Үздік жас ерікті» номинациясының жеңімпазы болып Сарқан ауданындағы қоғамдық және экологиялық бастамаларға белсенді қатысатын «Қамқор» волонтерлік ұйымының жетекшісі Ульяна Богуш танылды.

«Үздік жас спортшы» номинациясының жеңімпазы – сурдо грек-рим күресінен әлем чемпионы, Сурдлимпиада және Азия-Тынық мұхиты ойындарының жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, ұлттық құраманың мүшесі Рамазан Әбдрасіл болды.

«Білім және ғылым саласындағы үздік жас көшбасшы» номинациясында Текелі қаласындағы №3 орта мектептің логопед-дефектологі Наталья Железнева жеңімпаз атанды. Педагогика ғылымдарының магистрі, білікті педагог инклюзивті білім беруді дамыту жолында жемісті еңбек етіп, әрбір баланың әлеуеті мен қабілетін ашуға күш салып келеді.

Ал «Үздік жас журналист» номинациясының жеңімпазы – «DeFacto MediaHub» инклюзивті ақпараттық порталының бейнеоператоры әрі бейнемонтажері, сондай-ақ «Мендей бол» жобасының авторы Сұлтан Қалибеков болды.

Жалпы қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып жүрген жеңімпаздар 16 номинация бойынша марапатталды.

«Үздік жас батыр» номинациясының жеңімпазы, облыстық Полиция департаменті жедел қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы, полиция майоры Жақсылық Сәрсенов өз әсерімен бөлісті.

– Биылғы жылдың 15 маусымында Көктұма ауылына қызметтік іссапармен барған болатынбыз. Кешкі сағат 17.00 шамасында ауа райы бұзылып, жел көтеріліп, Алакөлде үлкен толқын пайда болды. Жағалаудан шамамен 500 метр қашықтыққа төрт азаматты ағын алып кетті. Еш ойланбастан суға секірдім. Алдымен жасөспірім қызды, кейін оның анасын құтқардым. Үшінші рет тағы екі адамды құтқару үшін суға кірдік. Мен бұл әрекетімді ерлік деп есептемеймін. Менің орнымда кез келген адам дәл осылай әрекет етер еді деп ойлаймын. Өйткені менің басты міндетім – халыққа қызмет ету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дегенмен көрсетілген құрмет пен ықылас үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, – деді ол.

Өз пікірін «Үздік жас отбасы» номинациясының жеңімпазы атанған Текелі қаласындағы көпбалалы Оразалиновтар отбасы да білдірді. Ерлі-зайыпты Қуаныш пен Ботагөз медицина саласында еңбек етеді, төрт бала тәрбиелеп отыр.

– Шынымды айтсам, біздің отбасымыздың осы беделді сыйлықтың лауреаты атанғанына әлі де сене алар емеспіз. Біз Текелі қаласында тұрамыз. Жолдасым – фельдшер, өзім қалалық емханада мейіргер болып жұмыс істеймін. Үлкен қызымыз Айзада, ұлымыз Әмір, Аяна және кенже қызымыз Ерзада бар. Балаларымызды еліміздің лайықты азаматтары етіп тәрбиелеуге, оларды бір-біріне қамқор болуға, айналасындағыларға жанашырлық танытуға, үлкендерді құрметтеуге, туған қаласы мен туған елін сүюге, жауапкершілік пен мақсаткерлікке баулуға тырысамыз. Бізге сенім білдіріп, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымды білдіремін. Бұл – бүкіл отбасымыз үшін үлкен әрі қуанышты оқиға, – деді Ботагөз Оразалинова.

Мерекелік бағдарлама қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен жалғасты.

Марапаттау рәсімінен бөлек, қатысушылар үшін тақырыптық алаңдар, тренингтер, мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялар, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, спорттық жарыстар және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, облыстың барлық аудан мен қаласында өткен «Qosyl Fest» жастар фестивалінің қорытындысы шығарылып, оған 18 мыңнан астам жас қамтылды. Фестиваль аясында 230-дан астам адам жұмысқа орналастырылды, мыңдаған қатысушы мемлекеттік қолдау шаралары, жұмыспен қамту, құқықтық көмек мәселелері бойынша кеңес алды, сондай-ақ «Адал азамат» жобасы мен волонтерлік қызмет аясында оқытудан өтті.

Мерекелік іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акциямен аяқталып, оның барысында жастар өзен жағалауын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фототілші: Қанат Өміралинов

Алдыңғы мақала

«Көшбасшы-2026:» в Жетісу впервые выбрали лучших молодых цифровых лидеров и волонтеров

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

12 тамыз – Каспий теңізі күні

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.