Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Текелі төрінде – спорт пен сергектік

19 Тамыз, 2026
Текелі төрінде – спорт пен сергектік
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Текелі қаласындағы ең ұзын Д.Қонаев көшесінде 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауды қолдау мақсатында бұқаралық жүгіру ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттап, тұрғындарды белсенді қозғалысқа шақырған іс-шараға қала тұрғындары, жастар, спортсүйер қауым қатысты.

Жаппай жүгіруге қатысушылар Д.Қонаев көшесіндегі теміржол өткелінен бастап, бақылау алаңына дейінгі 2,5 шақырым жолды жүгіріп өтті. Спорттық шара қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, денсаулыққа пайдалы әдетті қалыптастырудың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Жаппай жүгіруге қатысқандардың ең үлкені 55 жастағы қалалық Мәдениет үйінің әдіскерлі Фарида Көпелдесова болса, ең кішісі 12 жастағы жас өрен. Жүгіруге қатысушылар мәре сызығын кесіп өткеннен кейін Текелі қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржамал Шоханова мен «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ Текелі қалалық филиалының басшысы Ғалымжан Сүлейменов көпшілікке жылы лебіздерін жеткізіп, алдыңғы қатардан көрінген белсенділерді марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.

«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкері Ерлан Көкеев жүгірудің адам денсаулығына ғана емес, қоғам белсенділігіне де оң ықпал ететінін атап өтті.

– Мен салауатты өмір салтын қолдаймын. Сондықтан жүгіру марафонына құлшыныспен қатыстым. Арамызда жастардың көп болғаны қуантты. Жастар да, үлкендер де денсаулығы мықты болуы керек. Сонда елге пайда тигізетін іс жасай алады. Жалпы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысу керек. Алдымызда еліміздің дамуындағы жаңа кезең – Құрылтай депутаттарын сайлау тұр. Оған да бір кісідей қатысып, азаматтық таңдауымызды жасағанымыз жөн, – деді ол.

Дені сау ұлт ел дамуының өзегі екені рас. Ал қоғамдық өмірге белсенді араласу – азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің көрінісі. Спорттық іс-шарада бас қосқан қала тұрғындарының белсенділігі де осыны аңғартты.

13 жастағы Юля Чучакина:

– Мен жүгіру жарысына ағаммен бірге келдім. №1 орта мектебінің 8-сыныбында оқимын. Спортқа жаным құмар. Каратэ үйірмесіне қатысамын. Осындай бұқаралық іс-шараларға қатысып, үлкендерден үйренерім көп, – деп пікір білдірді.

Текелді жаппай жүгіру іс-шарасы өтетінін әлеуметтік желіден көріп, Ақсу ауданындағы Арасан ауылынан бес жас спортшы келіп қатысты. Олардың ең кішісі 12 жастағы Бірегей Құмар:

– Бізді жеңіл атлетикадан жаттықтыратын ағайымыз алып келді. Өзі де жарысқа қатысты. Мен мәре сызығын төртінші болып кесіп, сыйлыққа ие болдым. Текелідегі ең ұзын Д.Қонаев көшесінің бойымен жүгіріп келе жатып, кеудемді мақтаныш кернеді. Туған жеріміздің осындай тамаша жерлерін көріп, танып, келешекте еліміздің мәртебесін биіктетуге күш салуымыз керек, – деп әсерімен бөлісті.

Дәл осындай салауатты өмір салтын, белсенді азаматтық ұстанымды және қоғамдық бірлікті насихаттайтын игі бастама қала тұрғындарын ортақ іске жұмылуға және ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамауға үндейді.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында медицина кадрларының тапшылығы мәселесі қалай шешілуде?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.