Су құбыры қызметкерлерімен Конституциялық заң тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық білімін арттыру және заңды құрметтеуге шақыру.










