Ұйғыр этномәдени орталығының қызметкерлерімен Конституциялық заң тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және қоғамдық келісімнің маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылармен пікір алмасып, өзекті мәселелер бойынша ақпарат берілді. Іс-шара соңында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.










