Жуырда Басқұншы ауылында «Ата Заң – елдігімнің айғағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оған жастар, қоғам белсенділері мен сала мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы орны мен маңызын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін арттыру, сондай-ақ жастардың елге, заңға деген құрметі мен азаматтық жауапкершілігін нығайту.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Ата Заңның мемлекет дамуындағы рөліне тоқталып, заң үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық жауапкершілік мәселелерін жан-жақты талқылады. Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында Конституцияның қоғамдағы орны, оның тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі маңызы жөнінде мазмұнды ойлар ортаға салынды.
Шара соңында қатысушылар Ата Заңды құрметтеу – құқықтық мемлекет құрудың, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың басты негізі екенін атап өтті. Конституциялық құндылықтарды дәріптеу әрбір азаматтың парызы әрі Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына қосылатын маңызды үлес екені айтылды.









