Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бейбіт Исабаев талдықорғандық 51 отбасына жаңа баспана кілттерін тапсырды

21 Тамыз, 2026
1
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Талдықорғанда кезекте тұрған 51 отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Жаңа қоныс иелерін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы атап өткендей, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – халықтың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірде тұрғын үй құрылысының қарқыны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Талдықорған қаласының өзінде 49 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға артқан. Жыл соңына дейін кезең-кезеңімен Талдықорғанның 1400-ден астам отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – деді Б. Исабаев.

Жаңа баспана кезекте тұрған азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілді. Олардың  арасында көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар бар.

Жаңа қоныс иелері өз әсерін бөлісті:

– Бүгін отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Жаңа қонысқа ие болып жатырмыз. «Жастар-3» шағын ауданындағы жаңа үйіміздің кілтін қолымызға алдық. Тұрғын үй кезегінде 9 жылға жуық тұрдым. Алты бала тәрбиелеп отырмын, оның бесеуі мектеп оқушылары, – деді Динара Отарбаева.

– 2017 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрдым. Қуанышымды сөзбен айтып жеткіе алмаймын. Ең алдымен балаларымды ертіп апарып, өздерінің жеке үйлерін көрсетемін. Енді олардың өз бөлмелері болады, кең әрі жайлы жерде тұратын болдық. Осы уақытқа дейін талай жыл пәтер жалдап тұрдық. Енді, міне, өз баспанамыз бар. Көрсетілген қолдау үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді Дана Жаманаева.

– Тұрғын үй кезегінде 10 жыл тұрдық. Осы уақыт ішінде бір жалдамалы пәтерден екіншісіне көшіп, талай қиындықты бастан өткердік. Балалармен бірге көшіп-қону әрине қиын болды. Енді мұның бәрі артта қалды. Жас отбасымыздың жаңа шағын ауданда өз баспанасы бар деп қуанып жатырмыз, – деді «Құлагер» шағын ауданынан пәтер алған Торғын Тойшыбекова.

Атап өтсек, алдағы уақытта Талдықорған қаласында «Бірлік» шағын ауданында 170 пәтерге арналған екі кредиттік үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін «Ынтымақ» тұрғын алабында 200 пәтерге арналған бес бесқабатты үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Жалпы, соңғы 4 жылда Жетісу облысында 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 11 мыңға жуық астам отбасы жаңа қонысқа ие болды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

23 тамызда 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бейбит Исабаев вручил ключи от нового жилья 51 семье

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.