Бүгін «Алтынкөл» темір жол станциясының қызметкерлері сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауын жасап, дауыс берді.
Станция қызметкерлерінің айтуынша, сайлауға қатысу – әрбір азаматтың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуының және өз пікірін білдіруінің маңызды тетігі.
Алтынкөл теміржол станциясында күнсайын өз міндетіне жауапкершілік пен қарайтын білікті әрі еңбекқор мамандар қызмет атқарады. Олар теміржол саласының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді.

Бүгін ұжым қызметкерлерінің сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауын жасауы – олардың елдің болашағына бейжай қарамайтынын және азаматтық жауапкершілікті жоғары бағалайтынын көрсетеді.
Станция қызметкерлері барша азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауын жасауға шақырды.










