Панфилов ауданында дауыс беруге келген азаматтар үшін сайлау учаскелерінде түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Тұрғындар спорттық шараларға белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Әр жастағы азаматтар ойындарға қызығушылық танытып, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді.
Ұйымдастырылған спорттық ойындар сайлау учаскелеріндегі мерекелік атмосфераны одан әрі жандандырып, тұрғындарға жағымды көңіл күй сыйлады. Дауыс беруге келген азаматтар өз таңдауын жасап қана қоймай, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді.










