Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары

23 Тамыз, 2026
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Қазақстандағы Құрылтай алғашқы сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сайлау комиссияларының дайындық деңгейін және азаматтардың белсенділігін ерекше атап өтті. Таңертең сайлау учаскелеріне барғаннан кейін миссия мүшелерінің дауыс беру барысына қатысты ешқандай ескертулері болған жоқ.
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Мемлекеттік Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовтың айтуынша, миссия өкілдері таңертең бірнеше сайлау учаскесіне арнайы барған. Байқаушылар №192 учаскеде оның ашылу рәсіміне де қатысқан.
Оның сөзінше, барған барлық учаскелер дауыс беруді өткізуге қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.
– Біз барған барлық учаскелердің ешқайсысын бөліп-жармай атап өткім келеді: ұйымдастыру деңгейі де, дайындық деңгейі де өте жоғары. Учаскелер сайлаудың заңнама талаптарына қатаң сәйкес өтуі үшін қажетті дүниемен толық қамтамасыз етілген. Бұл учаскелерде жұмыс істеуге тартылған қызметкерлер дайындықтан өткен, өздерінің функционалдық міндеттерін біледі және оларды толық көлемде орындай алады. Біз болған барлық учаскеде жағдай қалыпты әрі лайықты деңгейде өтіп жатыр. Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр, олардың шын мәнінде өздері лайық деп санайтын үміткерлерге дауыс бергісі келетіні көрініп тұр. Олар кейін жаңадан сайланған Құрылтайдан өз орындарын табады, – деді А.Картаполов Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығында өткен брифингте.
Беларусь Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының Адам құқықтары, ұлттық қатынастар және БАҚ жөніндегі комиссиясының мүшесі Эдуард Северин азаматтардың сайлауға деген жоғары қызығушылығына мән берді. Оның айтуынша, демалыс күніндегі сайлаушылардың белсенділігі олардың елдің саяси өміріне араласуының айқын көрсеткіші.
– Бүгін демалыс күні болғанына қарамастан, адамдар саяси үдерістерге, өз мемлекетінің саяси өміріне қызығушылық танытып отыр. Осы тұрғыда болған өзгерістер Қазақстанның мемлекет ретінде, саяси субъект ретінде, ҰҚШҰ мен ТМД мүшесі ретінде, сондай-ақ осы ұйымдарға кіретін достас мемлекеттердің серіктесі ретінде неғұрлым табысты, тиімді әрі тұрақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз, – деді Северин.
Қырғызстан Жогорку Кенешінің Аграрлық саясат, су ресурстары, жер қойнауын пайдалану, экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің мүшесі Нилуфар Алимжанова сайлау күнін тарихи күн деп атады. Оның айтуынша, миссия өкілдері сайлау үдерісін үшінші күн қатарынан бақылап отыр.
– Сайлау күні әзірге ешқандай ескерту жоқ, ешқандай заң бұзушылық анықталмады. Барлығы қатаң заңнама талаптарына сай өтіп жатыр. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін де барлық қажетті шаралар қабылданып, тиісті жағдайлар жасалғанын атап өткім келеді. Адамдардың сайлауға деген қызығушылығы шынымен жоғары, – деді Н.Алимжанова.
Ресей Федерациясы Кеңесінің Халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Баир Жамсуев сайлау учаскелерінде азаматтардың еркін таңдау жасауына қажетті жағдайлардың жасалғанына назар аударды. Атап айтқанда, дауыс беруге арналған кабиналар толық жабдықталған және сайлаушылар қажетті ақпаратпен таныса алатын стендтер орналастырылған.
– Сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелері негізінен мұндай іс-шараларды өткізуде мол тәжірибесі бар адамдар екенін ерекше атап өткім келеді. Олар тиісті оқудан өткен және дауыс беру учаскелеріне келген сайлаушылармен қажетті жұмысты тиісті әрі кәсіби деңгейде жүргізіп жатыр, – деді Жамсуев.
Миссия жұмысының аралық қорытындысын оның үйлестірушісі Андрей Картаполов шығарды. Оның айтуынша, миссия мүшелері сайлау үдерісінің ұйымдастырылуы мен дайындық деңгейінің жоғары екенін, сондай-ақ азаматтардың дауыс беруге белсенді қызығушылық танытып отырғанын айтты.
– Тағы да атап өткім келеді: біз болған барлық жерде заңнама талаптарының қатаң сақталуынан қандай да бір ауытқудың бірде-бір белгісін байқамадық. Менің ойымша, басқа жерлерден де мұндай жағдайды көрмейміз. Қазақстан халқын осы мерекемен құттықтаймын, баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін және халықтың еркін шынымен білдіретін азаматтар сайлансын, – деді Картаполов.
Байқаушылар өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар қалалық сайлау учаскелерімен қатар, ауылдық жерлердегі учаскелерге де баруды жоспарлап отыр. Миссия сайлауды бақылау жұмысы аяқталғаннан кейін қорытынды тұжырымдарын ұсынады.

Алдыңғы мақала

Сайлаушылар үшін спорттық ойындар ұйымдастырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Спорт ардагері Ескелді ауданында Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.