
Тамшыбаева Злиха Жанболатқызының 90 жылдық мерейтойына орай З.Тамшыбай ауылының тұрғындары бір мезетте №246 сайлау учаскесіне барып, азаматтық белсенділіктерін танытып, өз таңдауларын жасады.
Іс-шара барысында аудан өнерпаздары әсем әндерден ән шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы ән-күймен өрнектелген мерекелік шара ауыл тұрғындарына ерекше әсер қалдырып, игі бастамаға сән берді.









