Сейсенбі, 1 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

31 Тамыз, 2026
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасында атқарушылық өндіріс саласын цифрландыру және азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Бүгінде заманауи технологиялар мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындардың қаржылық жүктемесін едәуір азайтуға мүмкіндік беруде. Осы орайда, Жетісу облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, өңірдегі атқарушылық өндіріс саласындағы жаңашылдық пен атқарылған жұмыс нәтижелері баяндалды.

Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Кұнақбаева жобаның негізгі мақсаты мен жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталды.

Баршаға мәлім болғандай, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлеген «Сот орындаушысы роботы» немесе «Цифрлық сот орындаушысы» жобасы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап ел аумағында ресми түрде іске қосылды. Цифрлық сот орындаушысы азаматтарға жеке сот орындаушыларының айыппұл сомасының 3%-дан 25%-ға дейінгі мөлшерін құрайтын ақысын төлемей-ақ, айыппұлдарды қосымша шығынсыз өтеуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Жүйенің жұмыс істеу механизмі адам факторын толықтай жояды. Яғни, уәкілетті орган ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны АӨ ММАЖ жүйесіне жолдайды. Одан әрі Әділет департаменті оңайлатылған өндірісті автоматты түрде ашады. Сонымен қатар өндіріс қозғалған бойда азаматтарға 1414 сервисінен SMS-хабарлама және «eGov Mobile»  қосымшасынан push-хабарлама түседі. Іс қозғалған күннен бастап 5 күнтізбелік күн өткен соң робот сот орындаушысы борышкердің банк шоттарына тыйым салады. Ал 20 күнтізбелік күн өткенде шоттарға инкассалық өкім шығарады.

Роботтың қарауында іс 30 күнтізбелік күн бойы болады. Егер бұл аралықта айыппұл төленбесе, іс мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына өтеді. ЖСО-ға өткен жағдайда борышкер олардың қызмет ақысын қоса төлеуге мәжбүр болады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін берешекті онлайн төлеу жүйесі қарастырылған. Қарыз өтелген сәтте жүйе салынған барлық тыйым мен шектеуді автоматты түрде алып тастайды. Төлемді «Kaspi.kz» қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» → «Атқарушылық өндіріс бойынша төлем» бөлімі арқылы орындауға болады.

«Сот орындаушысы роботы» жобасы іске қосылған сәттен бастап облыс бойынша 465 миллион теңге сомасына 21 129 оңайлатылған өндіріс қозғалды. Оның ішінде 117 миллион теңгені құрайтын 5 412 атқарушылық өндіріс толық орындалуына байланысты тоқтатылды. Нәтижесінде жоба аймақ тұрғындарына жеке сот орындаушыларының ақысынан 29 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта цифрлық жүйе арқылы мемлекет пайдасына 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл өндірілуде. Таяу арада азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту мақсатында оңайлатылған өндіріс шегін 20-дан 40 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделіп отыр, – деп атап өтті Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Айжұлдыз Әбдікарімова.

Тағы бір жаңашылдық – «Тараптар кабинеті» (aisoip.adilet.gov.kz) электрондық сервисі. Бұл веб-портал арқылы жеке және заңды тұлғалар атқарушылық істің барысын бақылап, сот орындаушысының қаулыларымен танысып, өтініш пен құжаттарды электронды түрде жіберіп, төлемдер туралы ақпаратты онлайн режимде ала алады. Сервис іске қосылғаннан бері 1 899 азаматтың өтініші қаралып, заң жүзінде толық жауап берілген.

Мақпал Әділханқызы

Алдыңғы мақала

Астанада оқушылардың су үнемдеу жобаларына арналған AQUA LAB зертханасы таныстырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Почти в пять раз увеличили площади с водосберегающими технологиями в Жетісу

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
965
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
804
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
566

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.