Мемлекетіміздің тірегі һәм ертеңгі елдің тірегі, келешегіміздің келбеті саналатын жастарымыз да 20-қараша өтетін сайлауға белсене қатысуға бел шеше кірісіп отыр.
Жастар – болашақтың мәңгі қозғалыс машинасы. Сондықтан Қазақстанның болашаққа апаратын жолы – жастар. Жастарды қолдау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қолға алынған. Яғни білім беру, денсаулық сақтау, жаңа ақпараттық технологияларға қол жеткізу, кәсіби және тұлғалық бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақты сәтті әлеуметтендіру мәселелері мемлекет назарынан тыс қалған емес. Ендеше жастар да өздеріне артылған жауапкершілік пен міндет жүгін мүлтіксіз атқарып, еліміздің келеші айқындалар Президент сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасамақ.