Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

10 Қыркүйек, 2026
Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды
2
БӨЛІСУ
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісуда облыстық маңызы бар «Талдықорған — Үштөбе» автожолының орташа жөндеуі аяқталды. Облыстық маңызы бар бұл жолдағы жөндеу рекордтық қысқа мерзімде – жоспардан екі ай бұрын аяқталды. Осылайша, облыс құрылғаннан бері негізгі күрежолдар – Достыққа, Қорғасқа, Лепсіге, яғни Балқаш көліне,  Қаратал ауданының ең шалғай нүктесі – Көпбірлікке, енді оған қоса Үштөбе қаласына дейінгі жолдар жасалды. Текеліге апаратын жолды жөндеу жобасы жасалуда. Сөйтіп, Талдықорғанды аудан орталықтарымен байланыстыратын барлық жолдар жөнделіп бітеді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Талдықорған мен Үштөбе қалаларының арасын жалғайтын 42 шақырымдық жолды жөндеу туралы тапсырманы облыс әкімі Бейбіт Исабаев өткен жылы болған Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесуінде берген. Соған сәйкес осы жоба қолға алынып, оны іске асыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.

— Жол жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталды. Сараптаманың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары 14 ай жүргізілуі керек болған, яғни қараша айында бітуі керек еді, дегенмен қарқынды жұмыстың арқасында жоба мерзімінен бұрын аяқталып отыр. Мұндағы 42 шақырымның 27 шақырымы – бұл Үштөбе қаласынына шығаберісте Жаңаталап ауылының бұрылысынан басталып, екі қабат асфальт жамылғысымен жасалды, оған қоса жолдың негізін түзету жұмыстары жүргізілді. Қалған 15 шақырымында жолдың негізі дұрыс болғандықтан, бір қабат асфальт жамылғысы жүргізілді. Сөйтіп асфальттау жұмыстарын қыркүйек айының басында аяқтап отырмыз. Қазір жол жиектерін реттеу жұмыстары 50% аяқталды. Осы айдың аяғына дейін жолды эксплуатацияға қабылдайтын боламыз, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Сондай-ақ 13 жерден су өткізгіш құбырлары ауыстырылды, 4 жерде бағдаршам орнатылды, 4 аялдама жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар жол бойындағы жол таңбалары термопласт материалымен жасалуда. Әдеттегі жол таңбалары үш айға жарамды болса, бұл материал одан әлдеқайда ұзақ қызмет етеді дейді мамандар.

Техникалық қадағалау мекемесі өкілдері жұмыстың жол негізінен бастап асфальт төсеуге дейінгі барлық процесі бастан аяқ қадағаланғанын және бекітілген сметаға сәйкес жасалғанын айтады.

«Талдықорған — Үштөбе» автожолының бойында орналасқан Ескелді ауылының тұрғындары жолдың жөнделгеніне риза.

— Өзім Ескелді ауылында ұзақ жылдан бері тұрып келемін. Жол қатынасы біз үшін ең маңызды мәселенің бірі болатын. Қазір жолымыздың жаңаланып, ары-бері қатынастың қолайлы бола түскені бізді қуантып отыр. Аялдамамыз да жөнделді. Ауылда балалар ойын алаңы жасалды. Ауылымыз бірте-бірте көркейіп келеді, — деді  ауыл тұрғыны Патигүл Сайранова.

Жалпы, жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында қабылданған шаралардың арқасында жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі облыстық маңызы бар жолдардың үлесі 97 % жуықтады.

Атап өтсек, биыл облыста 370 шақырымға жуық автомобиль жолы жөнделуде. Сонымен қатар өңірдің 38 елді мекенінде 230-ға жуық көше жолдары жөнделу үстінде.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана Подробнее на: https://ulysmedia.kz/news/80504-ne-tolko-fiziki-iadershchiki-studentam-rasskazali-komu-naidetsia-rabota-na-budushchikh-aes-kazakhstana/

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.