Сәрсенбі, 7 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Таза Қазақстан»: Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне шамамен 50 мың тұрғын қатысты

19 Қыркүйек, 2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне шамамен 50 мың тұрғын қатысты
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық шараларға өңірдің шамамен 50 мың тұрғыны қатысты. Экологиялық акциялардың қорытындысында 9500 көшет отырғызылып, 3 мың тонна қоқыс жиналып, шығарылған. Талдықорған қаласындағы «Жастар» паркін тазалау мен көшеттер отырғызуға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жастар» паркіндегі экологиялық шараға мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер, жастар мен волонтерлер белсене қатысты. Сенбілік аясында парктің аумағы тазартылып, 100 жапырақты ағаш отырғызылды. Атап өтсек, сол күні Талдықорғанда барлығы 1000 көшет егілді.

— Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі атқарып келеміз. Соңғы екі жылдан бері тек ағаш отырғызумен шектелмей, Талдықорғанда «Жастар» саябағы, Қараталдың жағалауы, «Жеңіс», «Ардагерлер» парктері абаттандырып, барлығының суару жүйесі қайта жасалуда. Жалпы алғанда облыстың барлық аудан-қалаларындағы парктер мен скверлерді ретке келтіріп жатырмыз. Кең мағынасында алғанда, «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты тек табиғаттың тазалығы, саябақтарды абаттандыру, ағаш отырғызу ғана емес, адамның жан дүниесінің тазалығы, санасының жаңғыруына қол жеткізу.  Ұжымдар, аулалар, көше тұрғындары – барлығы бірігіп өз маңайын көркейтуге белсене атсалысып жатыр, біз мұндай белсенді азаматтарды әрдайым ынталандырамыз, қолдаймыз. Бұл – қоғамның жаңаруы, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Сенбілікке қатысушылар өз пікірлерін білдірді:

— Ағаш неғұрлым көп болса, ауа соғұрлым таза болады. Сондықтан мұндай шараларға қатысу маңызды деп санаймын. Ағаш отырғызу, оларға күтім жасау, тазалықты сақтау өзіміз үшін керек. Бәрі өзімізден басталады, сондықтан әр адам үлес қосуы тиіс. Айналамыз таза, жасыл желек болса, жан-дүниеміз тыныш болады. Баршаңызды қоршаған ортаға, туған табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Талдықорғанымыз гүлдегіп, көркейе берсін, — деді жас эковолонтер Аяжан Нұрахметова.

Талдықорған қаласының тұрғыны Жанар Болатқызы да осындай пікірде:

— Қалада жастардың экологиялық жобаларға қатысқанына қуанамыз. Қаланың аумақтарын бәріміз бірге ретке келтіреміз. Біз жай ғана тазалап қана қоймай, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосып жатырмыз. Тазалық пен тәртіпті әр азамат сақтаса, қаламыз әлдеқайда таза әрі жайлы болады, — деген ол жерлестерін түрлі экологиялық шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Атап өтсек, биылдан бастап өңірде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында 181 шара ұйымдастырылып, оған 180 мыңнан астам адам қатысты. Соның нәтижесінде 68 мың көшет егілді, 15 мың тонна қоқыс шығарылды.

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Жетісу облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
808
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
650
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
575

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.