Сәрсенбі, 7 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваға – 90 жыл: көп балалы отбасылар үйлі болды

5 Қазан, 2026
Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваға – 90 жыл: көп балалы отбасылар үйлі болды
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында кезектегі азаматтар жаңа тұрғын үйлерге ие болды. Баспана кілтін беру салтанаты Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аясында өткізілді. Жаңа үй иелеріне кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу ауданы Зылиха Тамшыбай ауылында салынған үйлердің кілтін беру барысында Бейбіт Исабаев жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады:

— Бүгін ауылдарыңызда қос қуаныш. Бақытын еңбектен тапқан Зылиха Тамшыбаева апамыздың 90 жылдығына арналған тағылымды шаралар өтіп жатыр. Сонымен қатар осы ауылда салынған жаңа үйлердің алғашқы қоныстанушыларына кілт тапсырғалы отырмыз. Президенттің халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әл-ауқатын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес бұл үйлерде өмір сүруге барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Осы жаңа қоныста ұрпақтарыңызбен өсіп-өне беріңіздер, үйлеріңіздің іші құт-берекеге толсын, — деді Б. Исабаев.

Баспаналы болған кезекте тұрған азаматтар ризашылық пікірін білдірді. Солардың арасында көп балалы ана Лаура Азамбаева да бар.

— Біздің отбасымызда 8 баламыз бар, немерелі де болдық. Жолдасым Марат Әбдіғали Көксу қант зауытында жұмыс істейді. Тұрғын үй кезегіне 2023 жылы тұрғанбыз. Бүгін, міне, көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш, — деді ол.

Атап өтсек, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Зылиха Тамшыбай ауылында 15 жеке тұрғын үй салынған болатын. Осы күні кезекте тұрғандарға 5 үй берілді. Қалған 10 үй де пайдалануға дайын. Мұндағы әрбір тұрғын үйдің жалпы ауданы 73,0 шаршы метр. Бұл үйлерді азаматтарға «Отбасы банк» АҚ белгіленген тәртіппен беруді жүзеге асырады.

Алдыңғы мақала

Какие соглашения и меморандумы были подписаны на AI & Digital Bridge 2026

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Отбасы – қоғамның берік тірегі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
808
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
650
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
575

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.