Сенбі, 17 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н.Алдабергеновтің 120 жылдығы аясында еңбек құндылығы дәріптелді

10 Қазан, 2026
Жетісуда екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н.Алдабергеновтің 120 жылдығы аясында еңбек құндылығы дәріптелді
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтің 120 жылдығы аталып өтті. Қайраткердің өнегелі өмір жолына арналған ғылыми-мерейтойлық конференция ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өткізілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ескелді ауданы Нұрмолда Алдабергенов ауылында өткен салтанатты іс-шара алдымен Батырлар аллеясына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, ары қарай «Елге қызмет – ерге мұра» атты  ғылыми-мерейтойлық конференциямен жалғасты. Жиынға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Облыс әкімінің атынан конференцияға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов алдымен көпшілікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

«Нұрмолда Алдабергенов ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеп, Жетісу өңірін көркейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол өзі басқарған шаруашылықтарды өркендетуге зор еңбек сіңіріп, ұлт мүддесіне қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті. Соның арқасында Социалистік Еңбек Ері атағын екі мәрте иеленді. Қоғам қайраткерінің есімі ел ішінде «Дала академигі» деген ардақты атпен танылды. Халқымыздың осындай қадірлі перзенттерін жұрт жадында сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Біз бір ел болып қабылдаған Конституцияда еңбекқорлық құндылығын орнықтыру мемлекетіміздің мызғымас қағидаттарының бірі ретінде бекітілді. Сондықтан адал еңбегімен жұртқа өнеге көрсеткен тұлғалардың жасампаз істерін жан-жақты дәріптеу айрықша маңызды», — делінген құттықтауда.

Д. Есдәулетов өз сөзінде Нұрмолда Алдабергеновтің есімін ұлықтау мақсатында облыста атқарылған шараларға тоқталып, оның өнегелі өмірінің жас ұрпақтың тәрбиесіне тигізер ықпалын ерекше атап өтті.

Мұнан соң Н. Алдабергеновтің ғибратты ғұмыр жолы туралы қысқа метражды деректі фильм көрсетілді.

Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Тынышбай Досымбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Ескелді ауданының Құрметті азаматы Төлеген Мұсапиров,  еңбек ардагері Шайбала Тергеуова, қоғам қайраткерінің қызы Рабиға Алдабергенова мазмұнды баяндамалар жасап, жылы естеліктер айтты.

— Менің әкем кең жүректі, сабырлы, байсалды жан еді. Еңбекқорлығымен қатар өзінің адамгершілік қасиетімен де көпке үлгі болды. Жас ұрпақ әкемдей халық үшін еңбек ететін патриот, еліміздің қалаулы перзенті болсын. Еңбек еткен адам ешқашан елеусіз қалмайды. Бүгінгі мерейтойлық шараға атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамын, — деді Рабиға Алдабергенова.

 Осы күні мерейтой аясында спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылып, волейболдан, футболдан жарыстар өткізілді.

Атап өтсек, қоғам қайраткерінің есімін есте қалдыру мақсатында 2023 жылы Талдықорғанда ескерткіш-бюст орнатылды. Бюст ағаш егіліп, гүлзар өсірілген сквердің ішіне қойылды. Сондай-ақ Алдабергенов ауылында орналасқан музейінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, нысан аумағы абаттандырылды.

Еске  салсақ, Нұрмолда Алдабергенов Кербұлақ ауданында туған. Қазақстандағы алғаш колхоз құрушылардың бірі. Жетісу өңірінде бірнеше колхозды басқарған білікті ұйымдастырушы. Ол ауыл шаруашылығында егіншілік мәдениетін арттыру және мал тұқымын асылдандыру ісінде ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибені өндіріске батыл енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізді, сөйтіп ұжым экономикасын күрт жоғары көтерді. Ұжымшарда озат тәжірибе мектебі тұрақты жұмыс істеді, асыл тұқымды мал фермалары құрылды, ауылда қала үлгісінде құрылыс салу тұңғыш жүзеге асырылды. Оның еңбегі лайықты бағаланып, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанды.

Алдыңғы мақала

В селе Кабанбай ко Дню Республики открыли новый спортивный комплекс на 80 мест

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Субботник в Жетісу объединил более 18 тысяч жителей региона

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
969
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
831
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
811
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
807
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
669
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
653
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
576

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.