Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 Қараша, 2026
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан – экологиялық мәдениет және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті насихаттау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәселелерін талқылау, табиғатты қорғау бағытындағы қоғамдық жауапкершілікті арттыру және ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Кездесу барысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының маңызы мен негізгі бағыттары таныстырылып, туған жердің табиғатын қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаны ластау фактілерінің алдын алу және экологиялық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері қозғалды.

Іс-шара аясында Күршім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тілеужан Советқанова, сондай-ақ ауданның сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Толқын Искакова баяндама жасап, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді атап өтті.

Ал қоғамдық кеңес мүшесі Бакытхан Ульмесеков жастардың экологиялық акцияларға белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ аудан тұрғындарына қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, аудан аумағындағы экологиялық мәселелер, рұқсат етілмеген қоқыс орындарының алдын алу, тұрғындардың тазалық мәдениетін арттыру, жастар мен еріктілерді экологиялық іс-шараларға тарту және «Таза Күршім» бастамасын жүйелі түрде жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін жинақтау мақсатында арнайы QR-код арқылы экологиялық сауалнама ұсынылды. Бұл бастама ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға қатысты қоғамдық пікірді зерделеуге және тұрғындардың ұсыныстарын алдағы жұмыстарда ескеруге мүмкіндік береді.

Іс-шараның практикалық бөлімінде «Мен таза Қазақстан үшін…» атты интерактивті экологиялық бастама өткізілді. Қатысушылар түрлі түсті жапсырмаларға табиғатты қорғау мен тазалықты сақтауға қатысты жеке міндеттемелерін жазып, арнайы тақтаға орналастырды.

Атап айтқанда, қоқысты белгіленген орындарға тастау, ағаш отырғызу, табиғатты ластамау, тазалық акцияларына қатысу және жастар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау бағытындағы ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстарын назарға алу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру, қоғамдық бақылауды күшейту және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау шараларына белсенді тарту қажеттігі атап өтілді.

Алдыңғы мақала

Қазақстан Халық Кеңесі Жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
823
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
660
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
585

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.