Бейсенбі, 19 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Масылдыққа емес, мүмкіндікке жол ашу негізгі міндет

18 Қараша, 2026
Масылдыққа емес, мүмкіндікке жол ашу негізгі міндет
3
БӨЛІСУ
32
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғамның тұрақтылығы мен ел дамуының маңызды тіректерінің бірі. Оның басты мақсаты – азаматтарды жәрдемақы мен түрлі төлемдерге тәуелді ету емес, әр адамның лайықты өмір сүруіне, еңбек етуіне, білім алып, өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жағдай жасау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында осы мәселеге айрықша тоқталып, әлеуметтік көмектің мазмұны мен оны ұсыну тетіктерін түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысының пікірінше, өткен онжылдықтарда әлеуметтік көмекті шамадан тыс көбейту мемлекеттік басқарудағы бірқатар қателіктер мен кемшіліктердің орнын толтырудың, халықтың көңілін табудың құралына айналған. Соның салдарынан бюджет қаражаты тиімді жұмсалмай, тіпті жағдайы жақсы отбасылар да түрлі жәрдемақылар мен жеңілдіктерге қол жеткізген. Ал дәл осы кезеңде мектептер мен ауруханалардың тапшылығы сияқты әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты мәселелер шешімін таппай, керісінше, қордалана түскен.

Мұндай ұстанымның қоғамға тигізген кері әсері де аз емес. Әлеуметтік төлемдердің негізсіз көбеюі азаматтардың мемлекетке тәуелділігін арттырып, еңбекке деген ынтаны әлсіретіп, патерналистік және масылдық көңіл-күйдің қалыптасуына жол ашты. Бұған қоса, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бақылаудың әлсіздігі түрлі алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік берген. Негізсіз жеңілдіктер мен жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік аппараттың институционалдық әлсіздігін де аңғартады.

Шын мәнінде, әлеуметтік қолдау – мемлекеттің азамат алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Алайда бұл жауапкершілік бюджет қаражатын оңды-солды үлестірумен өлшенбеуге тиіс. Мемлекет көмекті кімге, қандай жағдайда және қандай мақсатпен беретінін нақты білуі қажет. Өйткені әрбір тиімсіз жұмсалған қаражат – елдің дамуына, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсалуы мүмкін болған ресурс.

Президент осы орайда әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарап, уақытша мәселелерді жәрдемақымен шешуге ұмтылмай, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға басымдық беру қажеттігін ескертті. Мемлекеттік көмек ең алдымен шын мұқтаж адамдарға бағытталуы керек. Бұл – әлеуметтік әділеттіліктің басты шарты. Өйткені қолдауға зәру азаматтар мемлекет қамқорлығынан тыс қалмауға тиіс, ал мұқтаж емес адамдарға негізсіз төлем жасау қоғамдағы әділдік қағидатына қайшы келеді.

Дегенмен әлеуметтік саясатты өзгерту барысында асығыстыққа жол беруге болмайды. Қазір қоғамда бұл мәселеге қатысты түрлі пікір айтылып, азаматтар өздерін алаңдатқан жайттарды ашық көтеріп отыр. Мұның өзі реформаның қоғам өміріне тікелей әсер ететінін көрсетеді. Сондықтан Үкімет қабылдайтын әрбір шешімді жан-жақты саралап, оның қарапайым халықтың тұрмысына тигізетін ықпалын алдын ала бағалауы қажет.

Мемлекет басшысы да реформаларды «өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай» жүзеге асыру керектігін баса айтты. Яғни бір мәселені шешеміз деп, екінші бір әлеуметтік түйткілді ушықтыруға болмайды. Әрбір жаңашылдық терең зерттеліп, азаматтардың нақты жағдайы ескеріле отырып енгізілуі тиіс. Әсіресе әлеуметтік көмектің жаңа тетіктері мен осы бағыттағы ақпараттық жүйелердің жұмысы алдын ала мұқият тексерілуі керек. Алдымен пилоттық режимде сынақтан өткізіп, тиімділігі дәлелденгеннен кейін ғана кең көлемде қолдану – қателіктердің алдын алатын ұтымды тәсіл.

Әлеуметтік саясаттың тиімділігі бөлінген қаржының көлемімен ғана өлшенбейді. Оның нәтижесі халықтың тұрмыс сапасынан, жұмыспен қамтылу деңгейінен, білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігінен, азаматтардың болашаққа деген сенімінен көрінуі керек. Сондықтан әлеуметтік мемлекеттің басты міндеті – адамдарды жәрдемақы алуға бейімдеу емес, олардың өз еңбегімен өмір сүруіне мүмкіндік жасау.

Бұл ретте адам капиталын дамытуға айрықша мән берілуі заңды. Сапалы білім, қолжетімді медицина, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы орта, жастардың кәсіби білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие болуы – ұзақ мерзімді әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары. Өйткені бүгінгі ұрпақтың білімі мен қабілетіне салынған инвестиция ертеңгі елдің экономикалық қуатын айқындайды.

Қорыта айтқанда, Президент көтеріп отырған мәселе – жәрдемақыны қысқарту немесе әлеуметтік қолдаудан бас тарту емес, оны әділ әрі нәтижелі ұйымдастыру. Шын мұқтаж адамға мемлекет көмегі міндетті түрде жетуі керек. Ал еңбек етуге қабілетті азаматтардың өз мүмкіндігін пайдаланып, қоғамның дамуына үлес қосуына жағдай жасалуы қажет. Әлеуметтік әділеттілік дегеніміз де – осы.

Толқын ЕРБОЛҚЫЗЫ

 

Алдыңғы мақала

Жетісу әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігі жағынан көш бастап тұр: нысандардың 95%-ы бейімделген

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еңбек ұжымдарына медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кеңес беру

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
826
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
673
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
661
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
587

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.