Жұма, 27 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ұрпақтар болашағын ойлау: Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

25 Қараша, 2026
Ұрпақтар болашағын ойлау: Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?
2
БӨЛІСУ
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгінде әлем елдері арасында технологиялық бәсеке күшейіп келеді. Мемлекеттің қуаты табиғи байлығымен ғана емес, ғылымының дамуымен, жаңа технологияларды игеруімен және білікті мамандарымен де өлшенеді. Оған көршіміз Қытайдың даму жолы мысал бола алады. Қытай бүгінгі күннің қажеттілігімен шектелмей, алдағы ондаған жылды ойлап, ғылымға, білімге және жоғары технологиялық өндіріске қомақты қаражат бөліп отыр.

Мәселен, Қытайдың Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы ел ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды әзірлеуге 3,93 трлн юань жұмсаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Ал жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібіндегі қосылған құн 9,4 пайызға өскен.

Қытай алдағы бес жылда да ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаражатты жыл сайын кемінде 7 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Ел өз технологияларын дамытуға, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге және білікті мамандар даярлауға басымдық беріп келеді.

Бұдан нені аңғаруға болады? Қытай бүгін салған инвестициясының нәтижесін ондаған жылдан кейін де көруді көздейді.

Ал ТМД кеңістігіндегі кейбір елдерде шағын жобалардың өзін үлкен жетістік ретінде көрсетіп, арзан пиарға айналдыру үрдісі әлі де кездеседі. Әрине, жаңа ғимараттар салу, қалаларды көркейту, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру қажет. Бірақ кез келген жобаның құндылығы оның ашылу салтанатымен немесе қаншалықты кеңінен насихатталғанымен өлшенбеуі керек.

Мысалы, жаңа университет ашылды делік. Ең маңыздысы оның ғимараты емес, сол жерде қандай мамандар даярланып, қандай ғылыми жаңалықтар ашылатыны. Сол сияқты жаңа зауыттың ашылуынан бөлек, оның қандай өнім өндіретіні, қанша адамды жұмыспен қамтитыны және ел экономикасына қандай пайда әкелетіні маңызды.

Кейде бүгінгі жетістігімізді көрсетуге көп көңіл бөліп, оның ертеңгі нәтижесін назардан тыс қалдырып жатамыз. Ал кез келген жобаны қолға алмас бұрын оның келешек ұрпаққа қандай пайда әкелетінін де ойлауымыз қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге үнемі назар аударып келеді. Президент елдің болашағы ғылым мен білімге, озық технологияларға және азаматтардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты екенін айтып жүр.

2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы кейінгі буынға дамыған, өркениетті және жаңарған мемлекет қалдырудың маңызына тоқталды.

Расында, кейінгі ұрпаққа тек табиғи байлық пен жинақталған қаражатты қалдыру жеткіліксіз. Оларға сапалы білім алуға, еңбек етуге, жаңа технологиялар жасауға және өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекет қалдыру маңызды.

Қазақстанда осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Шетелдік беделді университеттермен ынтымақтастық кеңейіп, жасанды интеллектіні дамытуға, ғылымды қолдауға және экономиканы цифрландыруға басымдық берілуде.

Ендігі міндет  бастамалардың нақты нәтижесін көру. Қазақстандық ғалымдардың жаңалықтары өндіріске енгізіліп, елімізде жаңа технологиялар әзірленіп, отандық кәсіпорындар әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуы қажет.

Болашақ ұрпақты ойлау тек биліктің міндеті емес. Мұндай жауапкершілік әрбір азаматтың санасында қалыптасуы керек. Мемлекеттік қызметкер де, кәсіпкер де, ғалым да бүгін атқарып жатқан жұмысының он немесе жиырма жылдан кейін қандай нәтиже беретінін ойлағаны жөн.

Бүгін ғылымға бөлінген қаражаттың, сапалы білім алған баланың немесе өндіріске енгізілген жаңа технологияның игілігін ертең біздің балаларымыз көреді.

Қытайдың тәжірибесінен алатын маңызды сабақтың бірі де – осы. Бүгінгі қажеттілікті өтей отырып, болашақтың негізін қалау.

Қазақстанда да ондаған жылға жоспар құрып, қабылданған шешімдердің келешек ұрпаққа тигізер пайдасын ойлайтын сана қалыптасуы қажет. Өйткені келер ұрпақ бізден қанша нысан ашқанымызды емес, қандай мемлекет қалдырғанымызды бағалайды.

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

37,4 млрд теңге выделили на газификацию шести районов Жетісу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Казахстан привлекает иностранцев доступной стоматологией

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
995
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
840
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
827
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
674
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
663
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
589

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.