Жас ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, тарихшы, PhD доктор Алмас Тоқсанбай Жаркенттік жерлестерін сайлаудан қалмауға үндейді.
«Құрметті жерлестер! Жаңа Қазақстан — әділетті Қазақстан. Біз жаңа қоғам, заманауи мемлекет құрамыз десек, білім мен ғылымды алға оздырып, рухани құндылықтар негізінде болашақ ұрпақ тәрбиелейміз десек мемлекеттің бас адамын, бірінші тұлғасын сайлайтын саяси додаға немкетті қарамайық. Белсенді қатысып, өз таңдауымыз жасайық. Дауысымызды берейік. Өміріміз өкінішпен өтсін демесек өз тағдырымызды өз қолымызға алатын уақыт жетті. Санамыз сергек, ойымыз тұнық болсын ағайын», – дейді жаркенттік жас ғалым.