«Президент болатын тұлғаның ең алдымен іргелі теориялық білімдарлығы, екіншіден, мемлекеттік қызметіндегі тыңғылықты еңбек тәжірибесі, үшіншіден, халықаралық қатынас саясатындағы білгірлігі мен сауаттылығы, төртіншіден, әлемдік деңгейдегі танымалдығы мен беделінің жоғары болуы маңызды. Бесіншіден, ұстамдылық мінез саяси басшыға ең таптырмайтын қасиет. Біздің данагөйлерімізден қалған «Мінезің қара жердей ауыр болсын…» дейтін шешендік нақыл тап осы ел басқаруға талпынған тұлғаларға айтылған.
Президенттің саясатта эмоция құрбаны болмауы үлкен қасиет. Саясатта қызбалық басшыға серік бола алмайды. Оны адамзат тарихы дәлелдеген. Қазақты тарих талқысынан сақтап қалған рухани қарудың бірі – «ізгілікті дипломатизм». Бұл қазақтың саяси мәдениетіндегі теңдесі жоқ этногендік жаратылыс.
Сайлауға барыңыз, өз таңдауыңызды жасаңыз. Ел тағдыры әр азаматтың қолында тұрғанын естен шығармайық», – дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Дәулетбек Раев.