Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының академигі, Панфилов ауданының Құрметті азаматы Ақан Оймауытов еліміздегі өткелі жатқан Президент сайлауына аудан тұрғындарын белсене қатысуға үндейді.
«Құрметті отандастар! 20 қараша 2022 жылы болатын Президент сайлауы ел алдындағы үлкен меже. Ол алдағы жеті жылдық өміріміздің, жеті жылдық саяси-әлеуметтік, экономикалық өміріміздің қандай боларын анықтап береді. Сондықтан жауапкершілікпен қарап, өз таңдауымызды жасайық» — деді ол.