Мен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Нұрбекова Салтанат Молотқызы Жаркенттік жерлестерімді Президент сайлауына жұмыла қатысуға шақырамын. Алдағы Президент сайлауы елімізді үлкен саяси-экономикалық өрлеуге бастайтын қадам екендігіне сеніміміз зор. Сондықтан, сайлауға келіп дауыс беру арқылы елімізді өркендетуге өз үлесіңізді қосыңыз! Егеменді еліміздің ертеңі үшін дауыс беріңіз!