«20-қараша Қазақстан үшін маңызды күн. Тарихи кезең. Еліміздің болашағын айқындау күні. Біздер азаматтық қоғам қалыптастырудамыз. Ендеше сайлауға барып Жаңа Қазақстан, болашақ ұрпағымыздың еркін өмір сүретін, елін орнықтыратын, ел тізгінін мықты ұстайтын адамды қателеспей таңдауымыз керек. Сондықтан сайлауға қатысып, жаңа, болашағы жарқын, ынтымағы, бірлігі берік елдің іргесін қалауға ат салысайық», – дейді Панфилов аудандық Білім бөлімінің жанындағы Жетісу облыстық оқу-әдістемелік дамыту орталығының аға әдіскері Сайранбекова Ділбар Рысбайқызы.